Қоғам • 17 Шілде, 2020

Еріктілер ел үшін тер төгуде

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық министрі Алексей Цой "Қоғамдық бақылау" белсенділерімен онлайн-кездесу өткізді. Оған солтүстікқазақстандық еріктілер де қатысты. Соның ішінде биыл "Халық алғысы" медалін алған Б.Құдайбергенов те бар. Еске сала кететін болсақ, биыл Солтүстік Қазақстандық 12 ерікті Тұңғыш Президенттің атынан Алғыс хаттар алған болатын.

Еріктілер ел үшін тер төгуде

Денсаулық министрі өткізген кездесудің күн тәртібінде мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыру, олардың нақты қызметін анықтау, құқықтық мәртебе беру мәселелері талқыланды. Алматы қаласы бойынша "Қоғамдық бақылау" қоғамдық бастамасының белсендісі Саида Тәуекелованың айтуына қарағанда дәріханаларды тексергенде, гуманитарлық жүктерді жеткізуге көмектескенде және медициналық ұйымдарға рейд барысында құқықтық сипаттағы мәселелер жиі туындайды. "Әрбір мониторингтік топтың нақты қызметін белгілеп, еріктілерге куәлік, жадынама мен тану белгілерін беру керек, түскен ақпаратты өңдеп, оны шешім қабылдау үшін тиісті инстанцияларға беру қажет", - деді еріктілер қозғалысының көшбасшысы.

"Қоғамдық бақылаудың" республикалық үйлестірушісі Лима Диастың пікірінше, жұмысты бір жүйеге қойып, ең бастысы дәрігерлердің қызметіне кедергі келтірмей, мамандар мен пациенттердің денсаулығына қауіп төндірмеу қажет. Еріктілерге қатаң санитарлық режімдегі мекемелерге, инфекциялық стационарларға кіруіне рұқсат ету керек.

Сонымен қатар Лима Диас барлық облыста еріктілер қозғалысының үйлестіру орталығы құрылғанын хабарлады. Ауруханаларға келген гуманитарлық жүктерді бірге жеткізу бойынша мониторинг жүргізгенін, дәрі-дәрмектің бар-жоғы анықтау үшін дәріханаларға тексеру жүргізілгенін, медициналық ұйымдарға бару жоспарлануда екенін айтты.

Депутат Ирина Смирнова қоғамдық топтар азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне баға жетпес үлес қосып, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үлкен қадамдар жасап отыр деп есептейтінін жеткізді.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ксения Жылқыбаева жұқпалы және провизиорлық стационарлардың медицина қызметкерлері қоғамдық бақылау жұмысынан қауіптенгенін де жеткізді. Кейбір дәрігерлер "еріктілердің игі ниеті инфекция өршіп тұрған қауіпті ауруханаларға бақылаусыз саяхат жасауға айналмауы тиіс", - деп санайтынын айтты ол.

Қоғамдық бақылаудың негізгі міндеті ауруханалар мен дәріханалардың жұмысына кедергі жасау емес, жағдайға эмоциясыз объективті баға беру. "Біз үшін кері байланыстың болғаны, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жағдайды жариялауөте маңызды. Біздің қызметіміз КВИ шалдыққан адамдардың мұң-мұқтажына бағытталған, олартолық медициналық көмек алады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қозғалыс белсенділерінің бірі Вера Ким.

"Жаман індетке қарсы біз бірге күресуіміз керек. Біздің міндетіміз - дұрыс денсаулық сақтау жүйесін құру. Жергілікті жерлер салғырттық танытпауы тиіс, сонымен бірге дәрігерлерді қолдап, қамқорлық көрсетуге міндеттіміз. Пациенттерге келетін болсақ, егер заңсыз жағдайлар болса немесе көмек көрсету стандарттарына сәйкес келмесе, оның себептерін анықтау керек. Дәрігерлер мен пациенттердің ар-намысы мен абыройы қорғалуы тиіс", - деді Денсаулық сақтау министрі. Еріктілердың жұмысы туралы ол: "Еріктілер қауіпсіздік шаралары мен санитарлық нормаларды сақтауы қажет. Олардың міндетті түрде қатаң нұсқамадан өткені жөн. Өйткеніинфекцияны жұқтыру қаупі үлкен. Сондықтан стационарлардың қатаң талаптарын сақтау өте маңызды", - деді. Оның айтуынша, егер заң бұзылса, шағымдар белгілі бір нормаларды сақтай отырып рәсімделуі қажет. "Заң бұзуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі оны тұрақты бақылауда ұстайды және қадағалайды", - деді министр.