Саясат • 17 Шілде, 2020

Ресей үкіметі Қазақстанға экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын ұсынды

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Ресей Қазақстанға 2025 жылға дейін ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын іске қосуды ұсынады", деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігі таратқан дереккөздерге сілтеме жасап.

Ресей үкіметі Қазақстанға экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын ұсынды

Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин бұл ұсынысты Минскідегі кездесу кезінде Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Маминге ұсынды.

Екі тарап Беларуссияға Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына келді.

Ресей премьер-министрі екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық мәселелері ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия деңгейінде шешіліп жатқанын атап өтті.

РФ Премьер-министрі жиырма екінші отырысты жақын арада, күзде Ресейде өткізу жоспарланған. Ресей мен Қазақстан сауда-саттықтың өсу қарқынын 2020 жылдың соңына дейін қалпына келтіруі керектігін айтты.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында біздің сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынымыз бәсеңдеді, бұл коронавирустық инфекцияға байланысты болды, ал қаңтар-мамыр аралығында оның көлемі шамамен 7,5% төмендеді. Бірақ біз 2020 жылдың соңына дейін тұрақты өсуді қалпына келтіретінімізге сенімдімін және осыған байланысты қазақстандық серіктестермен макроэкономикалық саясатты үйлестіру бойынша консультацияларды жүйелі түрде жалғастыру қажет деп санаймын", дейді Мишустин. 

Ресей премьер-министрі Ресей Қазақстанға коронавирустық инфекцияға қарсы тұруда көмек көрсетуді жалғастыратынын,  коронавирустық инфекциямен күресу жөніндегі бірлескен күш-жігеріміз бауырлас қарым-қатынастарымыздың ерекше сипатын дәлелдегенін де еске салып өтті.  . Мишустин атап өткендей, жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмектер, сынақ жүйелері Ресей Федерациясынан Қазақстанға жеткізілді.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрі сауда-саттық көлемінің белгіленген мерзімде қалпына келетініне сенім білдірді және Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірінші болып сатып алатын елдердің бірі болатынын айтты.