Оралдық кәсіпкерлер медициналық жабдық алуға көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Суретті түсірген Оқас АМАНҒАЛИ
Батыс Қазақстан облысының бір топ кәсіпкері бүгін облыстық көпбейінді ауруханаға 2 оттегі концентраторы мен 400 пульсоксиметр аппаратын сыйға тартты.
"Бұл жабдықтар covid-19 індетімен күресте дәрігерлерге өте қажет көмекші құрал", дейді аурухана директоры Арман Байдеуов.
Дүниені дүрліктірген пандемияға қарсы күрес елімізде жалпыхалықтық майданға айналды. Жұрт болып жұмылып, дәрігерлерге дем беруші, ауруханаларға көмектесіп жатқан ағайын көп.
"Коронавирус пандемиясына қарсы күреске біздің кәсіпкерлеріміз тағы да жұмылды. Бүгін бізге әкеліп отырған 10 литрлік оттегі концентраторлары – ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқастар үшін өте қажетті қондырғылар. Пульсоксиметр құралы болса науқастың қаны құрамындағы оттегі мөлшерін анықтап, дәл диагностика қоюға таптырмас көмекші. Дәл қазір біздің облыстық ауруханадағы провизорлық стационарда 148 науқас жатыр. Олардың 80 пайызы оттегі концентраторына қосылған. Ал 10-15 пайызы өкпені жасанды желдететін аппараттың көмегіне мұқтаж. Айта кететін жәйт, науқастардың көбі үйде емделіп, 10-12 күн уақыт өткізіп, ауруды асқындырып бәрібір бізге келеді. Осы жерде ғана нақты диагнозы анықталып, кәсіби медициналық жәрдем алады", дейді облыстық көпбейінді аурухана директоры.
Медициналық жабдықтар Ресей Федерациясынан әкелінген. Көрші мемлекетпен арадағы келісімдерге сәйкес, қажетті құралдар жеңілдікпен, жедел жеткізілуде.
– Елде осындай қиын жағдай болып жатқанда біз, кәсіпкерлер, қарап қара алмадық. Біз елмен біргеміз. "Бар болсаң, елге пайдаң тисін" деген аталы сөзді ескеріп, өз әлімізше азды-көпті қаражат бөліп, індетке қарсы күресте керекті құрал-жабдықтарды жеткізіп жатырмыз. Осы бастама өзге әріптестерімізге де үлгі болса дейміз. Індетті бірге еңсерейік! – дейді кәсіпкерлер атынан сөз алған Дидар Әсетов.
Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дархан Қаныбекұлының айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша "Ақжайық" қорына осы кезге дейін облыс кәсіпкерлерінен 100 млн теңгенің үстінде қаражат аударылған. Мұның бәрі орталықтандырылған сатып алу жүйесі бойынша коронавирус індетімен күреске қажетті дәрі-дәрмек пен жабдықтар алуға жұмсалуда. Жақында ғана 160 оттегі концентраторы Мәскеу қаласынан Оралға жеткізіліп, тиісті емдеу мекемелеріне таратылды.
Батыс Қазақстан облысы
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 21:30
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар