Аймақтар • 19 Шілде, 2020

Павлодар көшелері раушан гүлдеріне толы

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында биылдан бастап, көшелер бойына  түрлі  ағаштар отырғызу басталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар көшелері раушан гүлдеріне толы

Қазір, аббаттандыру, көгалдандыру арналған қалалық бағдарламалар бойынша  28,6 гектар аумаққа 14225 түп ағаш егу жоспарланған.

Облыс орталығында  көше бойларындағы   ақ үлпе мамық ұшыратын  ағаштар,  жел соққан сайын бұтақтары үзіліп сынып қала беретін және шіріген ағаштар арнайы  рұхсат бойынша  кесілді, енді  осы ағаштар орнына жаңа  өскіндер  өсуді. 

Сондай-ақ, 13 мың шаршы метр аумақта гүлге толы ғажайып гүлзарлар пайда болды. Гүл отырғызу ісіне таңдалған мердігерлер "Ерекше таңдау" корпоративтік қоры 35 бөлімшеде, "Саңыраулар қоғамы" 27 бөлімшеде жұмыс істеуде.

Биыл Қаныш Сәтбаев ескерткіші маңайында және "Астана" мұз сарайының ауласында отырғызылған гүлдер қала сәнін  келтіруде.

Қала тұрғындарына бұл әсемдікті француздық раушан гүлдері сыйлауда. Раушан гүлдері солтүстіктің жергілікті ауа райына бейімделген.

Жалпы, әртүрлі еркеше гүлдерді отырғызуға бюджет қаржысынан 100 миллион теңге қаражат бөлінген.

Бірақ, біз раушан  гүлдерін өзіміз өсірмей, әдеттегісінше қыруар қаржыға  Голландия, Франция елдерінен тасымалдап  жүрміз.

 

Павлодар