Коронавирус • 20 Шілде, 2020

Чех кәсіпкерлері Қазақстанға медициналық жабдықтар жіберді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшісі Марат Тәжиннің өтініші бойынша бірқатар чех кәсіпкерлері Қазақстанға медициналық жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдары мен басқа да медициналық бұйымдарды жіберді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Чех кәсіпкерлері Қазақстанға медициналық жабдықтар жіберді

Атап айтқанда, "Sonnenenergie" компаниясының бас директоры Ян Зонненшайн АҚШ-та шығарылған пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын бірқатар оттегі конденсаторларын сатып алды.

Қазақстанның Чехиядағы Құрметті консулы Карл Долейши ауруханалар мен емханалардың медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс костюмдерін сатып алды.

Сонымен бірге, OMNIPOL корпорациясы да бірқатар медициналық жабдықтарды сатып алды.

Чехиядағы Қазақстан Елшісінің ақпараты бойынша осы медициналық құрылғылардың барлығы а.ж. 20 шілдеде жеткізіліп, одан әрі тарату үшін "СК-Фармация" ЖШС-не жолданады.