"Мақсат – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау, азаматтарды сақтау. Бұл ең бастысы. Біз қай кезде де, басымызға күн туғанда бірлесіп, бір-бірімізге көмектесетіндігімізбен мақтанамыз. Осылай жасағанда ғана біз барша халық болып коронавирусты жеңе аламыз", - деді Михаил Желнов.
Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп уақытша госпиталдарға 1,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек жеткізіп берді. Атап айтқанда, фторхмиологин, азитромицин, парацетамол, аспирин, тромбоасс, клексан секілді дәрілер берілді. "Nur Otan" партиясы кадрлық резервіне қатысушы Әлия Асқарова қаладағы үш уақытша госпиталға 1000 литр ауыз су жеткізіп берді.
Алайда, партиялықтардың көмегі мұнымен біткен жоқ. Сондай-ақ, "Nur Otan"-ның облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері және қоғам белсенділерімен бірге Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық көмектің бөлінуіне мониторинг жүргізді.
Аймаққа тоқылмаған матадан жасалған киімдер, үш қабат қалыңдықтағы медициналық маскалар, қорғаныс көзілдіріктері мен комбенизондар, хирургиялық қолғаптар, инфрақызыл термометрлер жеткізілді. Олардың арасында коронавирус індетін емдеуге арналған 230 қорап ресейлік «Коронавир» препараты да бар. Бұл дәрі COVID-19 індетінің жеңіл және орташа ауыр жағдайын емдеуге арналған.
"Павлодар облысына бір науқасқа 3,5 қораптан есептеліп 230 қорап "Коронавир" препараты бөлінді. Гуманитарлық көмектің дәріханаларға таратылып кетпей, облыстағы 38 медицина мекемесіне бөлінуі партия тарапынан қадағалану қажет", - деп атап өтті "Nur Otan"-ның партиялық бақылау комиссясының жетекшісі Олег Костенко.
COVID-19 індетімен күреске "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері де өз үлестерін қосуда. Жас еріктілер уақытша емдеу госпаиталдарының қызметкерлеріне "алғыс пакеттерін" жеткізіп беруді ұйымдастырды. Волонтерлар себеттерді жеміс-жидектер, бал, қымыз, шәй, құрғақ жемістер, антисептиктер және маскалармен толтырған.