17 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы №160

331 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 тамыз,   Астана қаласы
«Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы №341 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйырамын:
1. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы №341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6524 тіркелген, 2010 жылғы 13 қазандағы №270 (26331) «Казахстанская правда» және 2010 жылғы 9 қарашадағы №461-468 (26311) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрcетiлген бұйрықпен бекiтiлген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.»;
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығышпен үш дана жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ БИОК Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.»;
көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Министр Ұ.ҚАРАБАЛИН.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 22 тамыздағы №160 бұйрығына қосымша

Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеге қосымша
Нысаны

Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі
орталық комиссияға
___________________________________________
(жобалық құжаттың атауы)
жобалық құжатты қарауға арналған
өтініш

1. Жер қойнауын пайдаланушы__________________________________
2. Жер қойнауын пайдалануға____________________________________
 (құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)

_______арасында бекітілген ________________________келісімшарт.
 (күні)
Мемлекеттік тіркеу актінің № __________, Күні___________________
3. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы____________________
Жобалық жұмысты жүргізу құқығына берілетін Лицензияның (сертификаттың) нөмірі, күні және мерзімі____________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 3 (үш) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні және қолы
М. О.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 24 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8726 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар