Медицина • 21 Шілде, 2020

МӘСҚ-тың елордадағы филиалы вируспен күреске 169,2 млн теңге қаржы бөлді

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы наурыз-маусым айы аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 13,7 мың ПЦР-зерттеулеріне 169,2 млн теңге қаржы бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz

МӘСҚ-тың елордадағы филиалы вируспен күреске 169,2 млн теңге қаржы бөлді

"Солардың ішінде 6,2 мың тест стационарларда, 7,5 мың тест АМСК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша жүргізілді. ПЦР-тестілеу халыққа қолжетімді болу үшін Қор филиалы аталған қызмет түрін ұсына алатын зертханасы бар  9 медицина ұйымын іске тартты" – дейді МӘСҚ-тың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директоры Айдар Ситказинов.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зертханалар санын 59-ға арттыру нәтижесінде қазір зертханалар тәулігіне 32 000 тест жасай алады. Соның ішінде санитарлық-эпидемиялық қызмет желісі бойынша - 23, жеке медициналық зертханалар - 20,  медициналық ұйымдардағы зертханалар - 16.

Ескерте кететін жайт,  төменде көрсетілген топтар ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтеді:

Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек;

Келесі санат -   провизорлық стационардағы COVID-ке күдік бар пациенттер. Оларда  белгілі бір симптомдар болады, сондықтан нақты диагноз қою керек;

Содан кейін ,  емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен барған ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар.

Жоғарыда аталған топтарды тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен келісімшарт жасады, ал олар өз кезегінде зертханалармен келісімшарт жасалды. Тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларына да жасалады.

Бұдан басқа,  жоспарлы емдеуге жататын пациенттер де (жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын  пациенттер) ПТР-тест тапсырады.

Медициналық сақтандыру қоры көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша медициналық ұйымдар алдындағы өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қызметтерге ақы төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.