Аймақтар • 21 Шілде, 2020

Қостанайға мәскеулік мамандар көмекке келді

896 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов пен Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің жеке келісімімен Қостанайға Ресей астанасынан 15 дәрігер келді. Олардың ішінде пульмонолог, хирург, анестезиолог-реанимотолог, инфекционист, эпидемиолог, рентгенолог, дәрігер-зертханашылар бар, деп жазады Egemen.kz

Қостанайға мәскеулік мамандар көмекке келді

Төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсетуге маманданған арнайы бригаданы Н.В. Склифосовский атындағы ҒЗИ-дің хирургі Олег Черныш басқарады. Топ құрамында Мәскеу қаласындағы 8 медициналық мекеменің қызметкерлері бар.

Ресейлік мамандар Қостанай облысында 2 апта болады. Жергілікті дәрігерлерге кеңес беріп, короновирус иефекциясына қарсы күреске үлес қосады. Бригадалар Қостанай және Рудный қалаларындағы провизорлық және инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін болады.

Бүгін мәскеулік дәрігерлер облыс әкімі А.Мұхамбетовтың қабылдауында болды. Кездесу барысында аймақ басшысы облыста індетке қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімелеп, пандемияны еңсеруде екіжақты ынтымақтастықтың әлі де жалғаса түсетіндігіне сенім білдірді.

Олег Черныштың айтуынша, бригада 3 бағытта жұмыс істейтін болады. – Біріншіден, қостанайцлық әріптестерімізге кеңес беру, екіншіден, короновируспен ауырған науқастарды емдеу, үшіншіден, жергілікті дәрігерлерге дәріс өткізу, - деді мәскеулік делегацияның басшысы.  

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15