SARS CoV-2 коронавирусы үшін өкпе ең осал нысана болып табылады, сондықтан сырқаттанғандардың көбінде өкпенің зақымдануы дамып, кеуде жасушалары ағзаларының КТ-да аурудың вирустық табиғатына тән "күңгірт шыны" түрінде зақымданатын екіжақты процесс ретінде сипатталады. Пневмонияны көп жағдайда бактериялар (пневмококктар, стафилококтар, клебсиел пневмония, гемофильді таяқша және т.б.) қоздырады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымының докторы, профессор, пульмонолог дәрігер Сәуле Касенова: "Бактериялық пневмония кезінде рентгенограмма жасағанда біз өкпенің бір жақты, көбіне оң жақты процесін көреміз. COVID-19 кезінде көрінетін өкпенің зақымдануы тек қана сырқаттың белгілеріне ғана емес (сары түсті қақырықпен шығатын жөтел, зақымданған жақтағы кеуде тұсында аурудың пайда болуы), сондай-ақ морфологиялық табиғатына сәйкес келмейді", дейді дәрігер.
Сәуле Лайыққызының айтуынша, коронавирустық инфекция кезінде өкпеде көптеген микро және макротромбаларға негізделген геморрагиялық синдром анықталады, осының салдарынан газ алмасу бұзылады да, науқастар демікпеден және тыныс алу жетіспеушілігінен қиналады. Маманның пікірінше, пневмония туралы емес, пневмонит түріндегі өкпенің коронавирустық зақымдануы туралы айтқан мейлінше дұрыс болады.
COVID-19 емдеу үнемі терапияның жаңа әдістерін іздеумен байланысты
COVID-19 – бұл бүкіл әлем үшін жаңа кесел. Дәрігерлер мен ғалымдар клиникалық көріністердің тәжірибесін, осы ауруды диагностикалаудың тәсілдері мен емдеудің тактикасын бірлесіп жинақтап отыр. Бұған халықаралық ұсынымдар мен КВИ бойынша қазақстандық хаттамалар үнемі жаңартылып тұратындығы дәлел.
Сәуле Касенованың айтуынша, кешегі уақытта бұрын білгеніміз бүгінгі күні өзекті болмай қалуда, өйткені жаңа білімдер пайда бола бастады, осы уақытқа дейін этиотропты (себебіне әрекет етуші) немесе COVID-19 тікелей вирусқа қарсы терапиясы жоқ, бұл ауруды емдеу терапияның жаңа әдістерін үнемі іздеумен байланысты.
Антибиотиктерді бақылаусыз қолдана берудің соңы қауіпті
Сәуле Лайыққызы: "КВИ кезінде өкпенің зақымдануын пневмония ретінде қате анықтау антибиотиктерді стандартты тағайындауға әкелді. Бұл қате пікір! Науқастар азитромицин, цефтриаксон және сол қауіпті левофлоксацинді (резерв антибиотигі) қанша алып жатқандығын көріп отырмыз, алайда олардың әсері жоқ. Оны күтуге де болмайды. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді! Бұл өте маңызды препараттар және дәріханалардың антибиотиктерді рецепсіз еркін сатылуы қауіпті жағдайларға әкеледі. Адам нағыз бактериялық инфекциямен ауырған кезде бактерияға қарсы препараттар көмектеспейді!" деді ол.
Бүгінде дәрігерлер КВИ патогенетикалық терапиясына (ауруды дамыту механизмдеріне әрекет ету) арналған тәсілдерді өзгертті және қанның қоюлануына, тромбтардың пайда болуына, иммундық қабынудың жоғары белсенділігін төмендетуге қарсы тұратын препараттарды тағайындайды да, үміт күттіретін нәтижелер алады.
КВИ кезінде емделуге жатқызуға жататын көрсеткіштер
КВИ-мен ауыратын адамдардың 80%-ында аурудың жеңіл түрі байқалады. Бұл дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы, дәм мен иісті сезбеу. 2 апта аралығында аурудың беті қайтады да, ақырындап күнделікті өмір сүру тәртібіне келе бастайды.
Сәуле Лайыққызының айтуынша, емделуге жатқызуға жататын көрсеткішке аурудың ауыр ағымы, оттегі сатурациясының төмендеуі (93%-дан кем болса), КТ мәліметтері бойынша өкпенің көп бөлігінің, кеуде жасушасы ағзаларының зақымдануы (50% артық), жүрек ырғағының бұзылуы, қандағы қант деңгейінің артуы және т.б. жатады. Зертханалық тексеру мен аспаптық диагностикалау әдістерін тағайындайтын стационарда емделген дұрыс. Қан талдауы, кеуде жасушалары ағзаларының рентгені ауру ағысының ауырлығы мен асқынуын жылдам анықтауға мүмкіндік береді.