Әлем • 22 Шілде, 2020

Пандемия күшейе түсуі мүмкін

2974 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Пандемия тіпті қиындай түсуі мүмкін. Қазір әрекет ету керек. Елдің көп бөлігі толықтай шектеу шарасын енгізуді қажет етуі мүмкін. Саясат пен ғылымды араластырсаң, саясат шығады. АҚШ-тағы коронавирус індетінің таралуы саясат мұндайда жұмыс істемейтінін көрсетті. Егер экономиканы қайта қалпына келтіріп, мектептерді қауіпсіз жағдайда ашқымыз келсе, ғылымға оралуымыз керек.

Пандемия күшейе түсуі мүмкін

АҚШ-тағы жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсіну үшін салыстырмалы сараптама жасау керек, Осы мақала жазылып жатқанда, бір кездері коронавирус пандемиясынан аса зардап шеккен ел ретінде саналған Италияда күнінен шамамен 200 адамның вирус жұққаны анықталды. Бұл елдің халқы Техас штатынан екі есе көп. Ал Техаста күн сайын 9000 мыңнан астам адам ауруға шалдығып жатыр. Флоридадан халқы 4 есе көп Германияда күн сайын 400-ге жуық науқас тіркеледі. Ал Флорида штатында өткен жексенбіде 15300-ден астам адам вирус жұқтырды. Бұл – бүкіл штаттар арасындағы жоғары көрсеткіш.

Ақ үй коронавируспен бірге өмір сүруге дағдылану қажеттігін айтады. Әйтсе де, жаңадан тіркеліп жатқан науқастар саны Италия және Германиямен тең болғандағы жағдай бөлек. Көптен бері вирустан ешкім қайтыс болмаған Оңтүстік Корея, Аустралия мен Вьетнам туралы айтпай-ақ қоялық. Ал АҚШ-та әлем бойынша жаңадан науқастанғандар саны күрт санап артып отыр. Тіпті, Бразилияны басып оздық.

Италия, Германия және тағы ондаған ел толықтай дерлік шектеу шараларын алып тастады әрі оған себеп те бар. Аталған елдер пандемияға ерекше мән беріп, нақты шаралар қабылдап, соны жалғастырып жатыр. Мәселен, Аустрлаияда көп адам жинап, бір үйде туған күн тойлағандарға 18 мың доллар айыппұл салды.

АҚШ-та қоғамдық денсаулық жөніндегі сарапшылар Еуропаның тиімді тәсілін қайталау үшін бірнеше қадам керек. Біріншіден, карантинге жабу шарасын науқастар саны күрт азайғанға дейін сақтау. Екіншіден, қоғамдық денсаулық сақтаудың ұсыныстарын тұрақты орындау. Үшіншіден, тестілеуге және жаңа оқиғаларды зерттеуге арналған 100 мыңнан 300 мыңға дейінгі жұмыс күшін қалыптастыру. Ұлттық деңгейде біз аталған мақсаттардың бірде-біріне қол жеткізгеніміз жоқ. Бірақ біршама штат жоғарыда айтылған ұсыныстарды орындап, бірте-бірте қауіпсіз түрде шектеу шараларын жеңілдете бастады. Басқа штаттар сәтсіздікке қарамастан, карантинді алып тастады. Нәтижесін көріп отырмыз.

Нью-Йоркте бірнеше айдан кейін коронавирустан қайтыс болған науқас тіркелмесе, АҚШ-тың 39 штатында пандемия қарқынмен тарап отыр. Флорида штатының Майами-Дейд огругінде 6 аурухана аузы-мұрны шығып толған. Хьюстонда, елдегі ең қиын жағдай тіркелген штатта шенеуніктер губернатордан оқшаулану туралы жарлық шығаруға шақырды.

Оған қоса, көптеген штаттағы жағдайдың күрделі екеніне қарамастан, ауруханаларда наурыз бен сәуірдегі секілді әлі де дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық жеткілікті емес. Жаңа Орлеанда тест саны шектеулі болғаны соншалық, тестілеу пунктілерінің бірінде сағат 8:00 басталған анализ алу кезекке 7:30-да келгендерге ғана жетті.

Тестілеу инфрақұрылымсыз жеке өзі аз нәтиже береді. Науқаспен байланыста болғандарды анықтап, хабарласу, Covid-19 жұқтырғандарды, оқшауланғандарды, карантиндегілерге көмектесу керек. Алайда мұның көбі орындалған жоқ. Майамиде коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткендердің 17 пайызы ғана таяуда көріскендері туралы сауалнаманы толтырған. Бұл қадам вирустың таралуын тежейтін еді. Көптеген штатта қазіргі таңда науқастар саны өте көп, сондықтан байланыс жасағандарды анықтау мүмкін емес.

Бұдан құтылудың бірден-бір жолы әлеуметтік қашықтық сақтау, бетперде тағу, қолды жуу және өзін-өзі оқшаулау. Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселеге ғимаратты желдетуге аз көңіл бөлінеді. Қоғамдық орындарда ультракүлгін шамдар қойылуы тиіс. Мұндай қадам вирустың таралуын бәсеңдетеді. Тіпті, президент Трамптың өзі көпшілік орынға бетперде тағып келді. Бұл мәселеден саясатты араластырмауға көмектесер, бәлкім. Бірақ қазіргі таңда мұның бәрі қосылып, тіпті ережені қатаң сақтағанның өзінде індет кең таралған аймақтағы жағдай бәсеңдетуге ғана жеткілікті. Вирустың қарқын алғаны соншалық, тіркелген оқиғалар санын бірден азайтуға бұл жеткіліксіз.

Мектептерді қауіпсіз жағдайда ашу және экономиканы қалпына келтіру үшін жұқтырғандар санын еуропалық елдердегі деңгейге дейін түсіруіміз керек. Ашылмаған мектептерге федеральды көмек бермеу туралы Трамп әкімшілігінің доқ көрсетуі мақсатымызға жеткізбейді. Індет кең тараған штаттарда қабылданған нақты шаралар ғана көмектеседі. Әсіресе, көпшіліктің жиылуы, барлар мен шіркеулер секілді кей орындарды карантинге жабу керек.

Дегенмен, кей өңірде мұның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан ол жерлерде сәуір айындағыдай толықтай шектеу шарасы енгізілуі қажет. Мұндай қадам аймаққа байланысты, бірақ жартылай шектеу шаралары ауруханаларды толтырғаннан басқа ештеңе бермейді. Сондай-ақ науқастар санын азайтпайды, алайда көптеген америкалықтың коронавирустың кесірінен қаза табуын жалғастыра береді.

1918 жылы тұмау пандемиясы кезінде бүкіл қала қызметін тоқтатты. Қорқыныш пен науқас отбасы мүшесіне қамқорлық қалған міндетті атқарды. Әскер саласын жабу 50 пайызды құрап, экономиканы құлдыратты. Көптеген қала ерте ашылған, бірақ оларды екінші, тіпті, үшінші рет қайта жабуға тура келді. Қарсылық болды, бірақ адам өмірін сақтап қалдық.

Егер бастапқыда бәрін дұрыс жасағанымызда, қазіргі таңда экономикамыз 100 пайыз жұмыс істейтін еді, мектептер әдеттегідей жаңа оқу жылына дайындалып жататын еді, футбол командалары жаттығуға кірісіп, оң мыңдаған америкалық қаза таппас еді.

Бұл – біздің екінші мүмкіндігіміз. Үшіншісі болмайды. Егер қазір пандемияның таралуын тежей алмасақ, бірнеше айдан кейін, яғни күн суытып, ауа райы адамдарды жабық орындарда уақыт өткізуге мәжбүрлейтін кезеңде тіпті қиын жағдайға тап келуіміз мүмкін.

 

Джон М. Барри

New York Times

Аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

Egemen Qazaqstan