Қазақстан • 22 Шілде, 2020

Қазақстан мен Ресей минералды тыңайтқыштар туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

587 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресей Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және оны пайдалану бойынша "ЕуроХим" минералдық-химиялық компаниясы" жобасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Ресей минералды тыңайтқыштар туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

Жоба Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Қаратау фосфор бассейнінің кен орындарын игеруді және минералдық тыңайтқыштар шығаратын жаңа зауыт салуды көздейді. Жобаның жалпы құны 1,2 миллиард АҚШ долларын құрайды.

"Химиялық кәсіпорынның жұмысы Жамбыл облысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласының дамуына айтарлықтай түрткі болады, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылатуға, Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді, Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық бизнес-байланыстарды елеулі түрде нығайтады", деп түсіндірді Ермек Көшербаев. 


Салынғалы жатқан химиялық кәсіпорында дәстүрлі фосфор өндірістерінің негізгі кемшіліктерінің бірі -  фосфорлы гипс түріндегі қалдықтар болмайды, бұл табиғи ресурстарды пайдалаудың тиімділігін жақсартып, өңір экологиясын сақтайды. Бұдан басқа, жоба оның барлық қатысушыларына ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсер әкелмек.

"Қол қойылған үкіметаралық келісім стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыруда жаңа кезеңді бастайды – жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтіп, химия саласындағы ең үздік қолжетімді технологияларды пайдаланумен жылына кемінде 1 миллион тонна минералды тыңайтқыш пен индустриялық өнімдер өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастауға көшуге мүмкіндік береді. Зауыттың құрылысын 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр", деп атап өтті Денис Мантуров.

Бұл жоба Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген және 2019 жылғы сәуірде Сарысу ауданында зауыттың мұқтаждықтары үшін қуаттылығы 110 мың шаршы м/сағ. газ құбырының құрылысы басталған. Инвестициялық жобаны «ЕуроХим» минералдық-химиялық компаниясы» ААҚ-тың Қазақстандағы еншілес компаниясы «Еурохим – Қаратау» ЖШС іске асыратын болады.