Коронавирус • 22 Шілде, 2020

Алматылықтар қай жерлерде вирус жұқтырды?

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылықтардың көпшілігі коронавирустық инфекцияны жұмыста және үй жағдайында жұқтырады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматылықтар қай жерлерде вирус жұқтырды?

"Жұқтырудың себеп-салдарына талдау жүргізген кезде 56 пайызынан анықталды. Яғни бұл 6408 жағдай жұмыс орны бойынша байланыс орнатқаннан кейін тіркеліп отыр. Ал қалған 1948 дерек үй жағдайында науқастармен тікелей байланыста болған. Оның 13-інен ауру дерегі қайдан шыққаны белгісіз", дейді Ж.Бекшин.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, контактіде болған тұрғындарға бақылау жүргізіледі.  48 мыңнан астам адам жақын туыс-туғандарымен, ал 22 мыңнан астамы жұмыс орнында байланыста болған деген деректер келтіріледі. Оның 7 мыңын карантинге байланысты үй жағдайында бақылап отырғандарын жеткізді.