Аймақтар • 22 Шілде, 2020

Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін не деді?

1170 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдері зарыға күткен онлайн-брифингте төмендегідей мәліметтермен бөлісті, - деп жазады Egemen.kz

Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін не деді?

Биылғы 22 шілдеге дейін, яғни Алматы қаласында эпидемия басталғалы бері 9634 адамның індет жұқтырғаны ресми түрде анықталған. Оның ішінде 6281 расталған симптомдық және 3353 симптомсыз оқиға бар. Соңғы аптада жұқпалы детке шалдығу жағдайы бірқалыпты көрінеді.

Жалпы індетке шалдыққандардың басым бөлігі – жастар, жас құрамы бойынша аурушаңдық негізінен 20-29 жастағылар арасында – 23,3%, 30-39 жастағылар арасында – 21,1%, ал 60-тан асқандарда 14,1% тіркелген.

Індетке шалдығудың себеп-салдарына талдау жүргізген кезде, 56,1% (6408 жағдай) жұмыс орнында науқастармен байланыста болғандар, 20,2% (1948 жағдай) үйдегі науқастармен байланыста болғаны белгілі болып, 13,0% жағдайда инфекция көздері анықталмаған (1258 жағдай).

Қала бойынша үй мекен-жайлары мен ұйымдастырылған ұжымдар бойынша барлығы 5302 ошақ тіркелген, бүгінгі күні 1591 індет ошағы  белсенділігін жоғалтпай тұр. Яғни, бұл ошақтарда медициналық бақылау жүргізу жалғасуда, сондай-ақ үй карантині режимі сақталынады.

Байланыста болғандарға үнемі бақылау жүргізіледі, оның ішінде жақын байланыста 48 032 адам, жұмыс бойынша байланыста – 22 231 адам.

Қазіргі уақытта үйде карантин жағдайында тұрған 7 265 адамға медициналық бақылау жалғасуда.

Соңғы 7 күнде аурушаңдық 44,3%-ға өсті, бұл ретте ақылы негізде тест тапсыруға өздігінше жүгінген жағдайлар 942-ден 1060-қа дейін өскені байқалады. Алдын алу мақсатында тексеру кезінде 399 жағдай анықталды.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу, байланыста болған жағдайларды тексеру нәтижесінде 103 жағдайдан 93 жағдайға дейін науқастармен байланыс бойынша тексеру жүргізу кезінде анықталған жағдайлардың төмендеуі байқалады.

Қаланың көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша 93 жағдайдың 65,1%-ы (20.07.2020 ж) Алматы қаласында тіркелген, 20,4%-ы (1915 адам) қала маңындағы аудандарда және басқа өңірлерде тіркелген, оның ішінде Алматы облысының 74,3%-ы (1422 адам), басқа өңірлерде 25,7%-ы (493 адам) және 8,1% - ы (764 адам) тіркеу туралы деректер жоқ.

Ұйымдастырылған ұжымдар бойынша коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларын тексеру кезінде анықталған жағдайлардың 60%-дан астамы облыста тұратын қызметкерлер арасында байқалады.

ҚР ДСМ 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 127 бұйрығының 2 тарауының 2 тармағына сәйкес ауруларды тіркеу анықталған жері бойынша жүргізіледі.

Қаланың провизорлық және инфекциялық стационарларына емдеуге жатқызылған науқастарды талдау емделген және емдеуге жатқызылғандардың 60%-ын қала маңындағы аудандар мен басқа да өңірлердің тұрғындары құрайтынын көрсетті.

Осы қызмет түрін ақылы негізде көрсететін зертханалардың мәліметтері бойынша, өтініш білдіргендердің 40% Алматы облысындағы үйінің мекен-жайын көрсетті, олар коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсеткендердің жалпы санына кірді, осылайша жағдайлар санын өсуде.

Мысалы, 07 шілдеден бастап «МПК» ЖШС, Нұрлы Тау және Халық Аренада орналасқан зерттеу материалдарын алу мобильді пункттерден басқа «Молл Апорт» орталығында ПТР әдісімен  коронавирустық инфекцияға зерттеу материалдарын алу пунктін ұйымдастырды. Аталмыш пунктте 2020 жылдың 19 шілдесіне 1467 сынама алынып, 628 (42,8%) оң нәтижемен, 834 (56,9%) теріс нәтижемен шықты.

Алматы облысына шығу кезінде (облыс басшылығының қатысуымен) коронавирустық инфекцияға ПТР диагностикасын жүргізу мәселесінде көмек және қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

– Қазіргі уақытта қалада мемлекеттік және жеке зертханалардың саны жеткілікті, олардың қуаты халықты толық тексеруге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен, тестілермен және шығын материалдарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта тәуліктік көлемі 3 600-4 000, ал барлық зертханалардың қуаты кезінде – тәулігіне 7 200 зерттеуді құрайды. Қуаттылықты тәулігіне 14 200 зерттеуге дейін арттыру жоспарлануда .

Қазіргі жағдайды ескере отырып, Алматы облысы аумағында зертханалық тексеруді «Нұр лаб» ЖШС зертханасына (күніне 1500 зерттеуге дейін) жүктеу туралы шешім қабылданды .

Алматы қаласының зертханалар 376 мың зерттеу жүргізді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде 159 558 зерттеу жүргізілді, деді Жандарбек Бекшин.

 

АЛМАТЫ