Руханият • 23 Шілде, 2020

Жусан – болмыс

1677 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Дүние – үндестік перзенті. Кез келген жаратылыс өз орнына ие. Жұмыр жер бетінде өсімдік атаулының сан мыңдаған түрі өседі. Үлкен-кішілігіне қарамастан, әр өсімдіктің атқарар өзіндік қызметі бар. Кез келген бір жаратылыс жойылар болса, дүние толық емес деген сөз. Дегенмен әр халықтың болмысына жақын өсімдік бар. Біз үшін шөл қойнауында өсетін жусан құнды. Қай елде өмір сүрсе де, әр қазаққа сол жусан іспетті жүрегіміздің төрінен орын сақтаулы. Біз өз болмысымызбен аяулымыз. Ұлтымыз болмаса, әлемнің кеңдігінен не пайда?!

Жусан – болмыс

Сахи Жанахметов Қара­қал­пақ­станның Беруни қа­ла­сында дүниеге келген. Ре­сейдің Таганрог қаласын­да­ғы педагогикалық инсти­тут­тың орыс тілі және әде­биеті факультетін бітіріп, өзі туған қалада орта мектеп мұғалімі, аудандық мә­де­ниет үйінің директоры, Бе­руни аудандық партия коми­тетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, соңғы жиырма жылда гимназия директоры лауазымында қызмет істеген. Орыс тілінде өлең де жазады. Ұстаздығы, ақындығы оны елге танытса, суретшілік өнері жарты әлемге әйгілі етті. Өзіне тән әдіс, бөлек ағымның бастауында тұрған тұлға екенін жұртшылық әлдеқашан мо­йын­­даған.

Қош, сонымен, ол қандай әдіс, қандай ағым? Сахи Жан­ахметовтің өзі біз­бен әңгіме барысын­да фоносграффито ағымы­ның негізін салғанын айтады. Жал­пы, бұрыннан белгілі граф­­фити ағымы бар. Италия­лықтар тілінде graffiti – тыр­наланған, сызылған деген ма­ғынаға ие. Ал Сахи Жа­нах­метов ойлап тапқан әдіс – кәдімгі алмаспен қырнап су­рет салу. Бұл әдіс ғимарат қа­бырғаларына емес, қағазға са­лынғанда нағыз көркем туын­­дыға айналады. Өз тәсі­лін негізге ала отырып, фонос­граф­фито атауын да автордың өзі ойлап тапқан. Қазір бұл тәсілмен сурет салатын басқа суретші жоқ.

Сахи Жанахметовтің ең ал­ғашқы көрмесі 1975 жылы Таганрог қаласында өткен. Содан бері автордың 50-ден аса көрмесі өнерсүйер қауым назарына ұсынылды. Ресей, Қазақстан, Грузия, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Да­ғыстан, Татарстан және Баш­құртстанда өткен әдебиет пен көркемөнер күндеріне қа­тысқан. Одақ кезіндегі бұл ша­ралар барысында Расул Гам­затов, Мұстай Кәрім, Да­вид Кугультинов секілді атақты ақындар оның өнеріне таңғалғанын айтып, қолтаңба бергені – бүгінгі күні аңызға бергісіз әңгіменің арқауы.

1

Суретші 1970 жылы Бүкіл­одақ­тық «Ең үздік жастар же­текшісі» байқауының, 1985 жылы Мәскеуде өткен Бүкіл­одақтық әуесқой сурет­шілер байқауының, 1997 жы­­лы Қарақалпақстан мен Өзбекстанда өткен «Шығар­машыл ұстаз» байқауының жеңімпазы болды.

Сахи Жанахметовтің көр­­­­ме­леріне ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ өкілдері, АҚШ, Фран­ция, Италия, Түркия, Иран, Норвегия, Жапония, Гол­ландия, Корея мамандары, саяхатшылар қатысқан. Ким Сонг Хун, Сонг Бюнг Чеол(Корея), Анке Плас (Гол­ландия) т.б. қонақтар жылы лебіз білдіреді.

Суретші салған Әбу Әли Ибн Сина, Науаи, Абай, Әж­нияз, Бердақ, Пуш­кин, Есенин портреттері әл­­­­де­қашан құн­ды дүниеге айнал­ған. Сон­дай-ақ оның «Тү­рік аруы», «Сырластар», «Мен біл­ген, білмеген дүние», «Сен ме­нің әнімдесің», «Ма­рия» ат­ты картиналары халық­ара­лық көрмелерде өте жо­ғары баға­ланды. Жалпы, Сахи Жан­ах­метов шығармашылығы туралы Өзбекстан Көркемөнер академиясының академигі, Бер­дақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж.Изентаев, И.Са­вицкий музейінің директоры, өнертанушы М.Баба­назарова, Өзбекстан Сурет­ші­лер одағының төрағасы А.Нұр, Өзбекстан қаһарманы И.Юсупов, М.Ашрафи атын­дағы Ташкент консерва­то­риясының ректоры О.Юсу­пова және тағы басқа көп­теген әдебиет, мәдениет қай­рат­кер­лері өздерінің жүрекжарды пікірлерін білдірген.

1

Қарақалпақстан халық ша­йыры, Бердақ атындағы мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Гүлстан Мәтяқубова­ның «Іздегенім», «Махаббат ме­кені», «Дарияға батып бара жатқан күн», «Ата үйім», «Гүлайым», «Ояну қуаны­шы» кітаптарын безендіруде С.Жан­­ахметовтің суреттері пай­­да­­ланылған. Суретшінің 2008 жылы «Қарақалпақ­стан» баспасынан Қарақалпақстан Білім министрлігінің демеуші­лі­гімен жарық көрген «Қара­қалпақстан» атты кітабы рес­публиканың мәдени өмірінде үлкен жаңалық болды.

1

2013 жылы Өзбекстан Рес­­­публикасы Министрлер каби­нетінің қолдауы, «Беруни ұрпақтары» халықаралық қо­рының демеушілігімен Таш­кент қаласындағы «Sharq» бас­пасынан «Ақыл-ой, махаб­бат, сұлулық, жақсылық пен әділдік салтанаты» атты кіта­бы өзбек, қарақалпақ, орыс, ағылшын тілдерінде басып шы­ғарылды. Бұл кітапта ав­тордың суреттерімен бірге, өлең­дері, поэмалары да жа­рық көрген. Биыл Ташкент қа­ласынан «Парнас» атты кітабы өзбек, қарақалпақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыр­манға жол тартты. 500 бетке жуық бұл кітапқа С.Жан­ахметовтің су­рет­­тері, өлең­дерімен бірге, ол туралы жа­зыл­ған дүниелер де енген.

Қарақалпақстан Респуб­ли­ка­сына еңбек сіңірген мәде­ниет қайраткері, Өзбекстан Рес­публикасы Көркем­өнер ака­демиясы Суретшілер бір­лес­тігінің мүшесі, мыңнан аса картинаның авторы Сахи Жа­нахметов аудан орта­лы­ғында тұрса да, өз шығар­ма­­­шылығымен әлем елде­рін­де үлкен құрметке ие. Айт­­­пақшы соңғы кезде қан­дасы­мыз Жусан Жерден деген бүр­кеншік есімді пайдаланып жүр. Оның бұл тосын, ерекше есім-сойынан ұлттық болмыс, қа­зақы мінез байқалады.

 

 Бегабат ҰЗАҚОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты