Ғылымның анасына айналған «Әліппе» 105 жылдан кейін, яғни 2016 жылдан бастап мектеп табалдырығын аттайтын оқушыларға оқытылмайтын болып, оның орнына «Сауат ашу» оқулығы енгізілген еді. Бұл шешім қоғам арасында үлкен дау тудырды.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
Тіпті ата-аналар «Бұрын әліппемен қоштасатын едік, енді сауат ашумен қоштасамыз» деп атүсті шешімге сын тақты. Сол сәтте еліміздің бас басылымы алғашқылардың бірі болып «Әліппе» неден жазықты болды?» деген мақала жариялады. Міне, енді бұл мәселеге де нүкте қойылып, ғасырлық басылым көтерген түйткілдің түйіні толығымен тарқатылмақ.
Әліппе оқулығы мектеп бағдарламасынан алынып тасталғаннан бері ұдайы көтеріліп келе жатқан мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Тамыз кеңесінде шешімін тауып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппенің» қайтыралатынын мәлімдеген-ді. Жақында сондағы сөзінің заңды күшіне енгені туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі – келесі 2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары «Сауат ашу» пәнінің орнына «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды. Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппе» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Айта кетейін, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде әзірленеді», деп жазды.
«Әліппенің» терең тарихы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегінен бастау алады. Ол 1910 жылы қазақ балаларына арналған әліппе оқулығын жазды, осы жұмысы «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдар аралығында он шақты рет басылып шығыпты.
Филология ғылымдарының докторы Орынай Сағынғалиқызы А.Байтұрсынұлының әліппесі мен қазіргі әліппенің арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін айтады. «А.Байтұрсынұлы өзінің оқу құралын жүйелі жазған. Сол уақыттың өзінде әріптерді үйретудің әдемі әдістемесі қалыптасып үлгерген. Ол әріптен бұрын дыбысты, дыбыстауды үйреткен. Әріпке көшкенде бірінші «А» әрпін, кейін «Р» әрпін танытқан. Яғни бұл жүйеде қазіргі әліппе оқулықтарындағыдай әліпби бойынша үйретіп шықпайды. Бір-екі дауыссыз дыбыстан кейін қайтадан «О» дауысты дыбысын қосқан. Сонда оқушы әуелде «ара», «нан» артынша «ора», «оран» деген сөздерді құрай алады. Осы арқылы балаға әріпті танытып қана қоймай, оның сөздік қорын молайтып отырған. Ең кереметі – бүгінгі әліппедегідей «Р» әрпіне радионың емес, иттің суретін салып қойған. Ит «р-р-р» деп дыбыс шығарады. Сол сияқты «З» әрпіне зырылдауықтың емес, араның суретін берген. Өйткені ара «з-з-з» деп ызыңдайды», дейді филолог.
Ақиық ақын Мұқағалиша айтқанда, «әліппе бар кітапқа бас болған». Оны білім есігін ашқан әр бала бар кітаптан бұрын қолға алуы керек. Сондықтан «әліппенің әлегі» осымен аяқталып, терең тамырынан нәр алар «әліппенің әлемі» әрлене түссін демекпіз.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар