Әлем • 23 Шілде, 2020

Құтқарушысын құрметтейтін пингвин

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуықта британдық тәуелсіз басылым, күнделікті жарық көретін «Индепендент» интернет-газетінде Диндим атты пингвин мен Солтүстік Америка құрлығындағы Аргентина республикасы Патагония штатының тұрғыны Жуан Перейра де Соуза арасындағы татулық қатынас жайлы қызық оқиға жарияланыпты.

Құтқарушысын құрметтейтін пингвин

Жоғарыдағы интернет-газеттің жазуына қарағанда магеллан тұқымдас пингвин жыл сайын бес мың шақырым жолды көктей өтіп, жан-жануардың түлегі басталатын көктемнің соңғы айларында патагониялық досы Жуанға келеді. Осыншама ұзақ әрі қатерлі жолды басып өтуіне оған ешқандай кедергі жоқ. Патагониялық болса теңіздерді кешіп өтіп келетін «досын» жыл сайын асыға күтетін көрінеді.

Бұл екеуінің бұлайша сағынса қауышуына себеп болған оқиға: 2011 жылы пата­гониялық азамат Рио-де-Жанейро қаласына жа­қын жердегі жағалауда күн­ге қыздырынып жатып, мұ­най­дың қалдық майына түсіп өлімші күйге жеткен пин­гвиннің жас төліне тап болады. Оны майдан тазалап, тамақтандырып күтіп бағады. Қысқасы, өлімнен ара­шалап қалады.

Күзге салым күйленген пин­гвин өз үйірімен бірге алыс сапарға аттанып кетеді де, келесі көктемде құтқарушысы Жуан Перейра де Соузаны қайта іздеп келеді. Аталған оқиғаға мән беріп зерттеген жергілікті биолог Пауло Кражевкийдің айтуынша, алыс­­тан ат арылтып келіп құт­қарушысын көрген пингвин ит сияқты қысқа құйрығын шошаңдатып, қуанғаннан шыңғыра құрқылтайлап құ­шақ жая ұмтылады екен.

Бір қызығы, бұл пингвин құтқарушысынан басқа жан ба­ласына жоламайды. Ал Жуан болса, оны тамақ­тан­дырады, жуындырып күтіп бағады. Түлеп болған соң үйірімен бірге Отты жерге аял­дап, Перу жағалауын жанай өтіп, Фолкленд және Хуан-Фернандес аралдары маңында қысты өткізеді де, түлер тұста салып ұрып құтқарушысына келеді. Қазір 9-10 жас шамасындағы бұл магеллан пингвині әрі кетсе 25 жыл жасайды дейді биологтар.