Бразилияда пандемия басталғаннан бері вирус жұқтырғандардың саны өткен тәулікте рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Алдыңғы рекордтық өсім 19 шілдеде 54 771-інен коронавирустық инфекцияның диагнозы анықталған еді.
Жаңа жағдайлардың басым бөлігі Сан-Паулуда тіркелген. Бразилия АҚШ-тан кейін жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұр. Елдегі індет жұқтырғандардың саны 2,2 млн-нан асты. Қайтыс болғандардың жалпы саны 82 890 болса, оның 1284-і соңғы бір тәулік ішінде көз жұмған.