Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантиндік шаралардың бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық бақылау тобы - бұл азаматтық бастама, оның мақсаттары: дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау болып табылады.
Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.
Қазақстанда телеграмм бот https://t.me/CovidControlKzBot іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар, COVID-19 бойынша Қоғамдық бақылау тобына хабарламалар жібере алады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14