Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Жұмыла күрескен жұқпалы індетті жеңеді

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жұқпалы індетпен күреске жаппай жұмылған Жетісу жұрты игі бастамаға атсалудан алда келеді. Бүгінге дейін демеушілердің қаржысына 1 жарым мың қорап дәрі-дәрмек, 84 ауа концентраты, 118 дана ден қызуын өлшегіш және басқа да медициналық құрал-жабдық сатып алынып, облыс ауруханаларына табыс етілді, -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыла күрескен жұқпалы індетті жеңеді

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қолдауымен сатып алынған 6 жасанды тыныс алу аппараты да мұқтаж аудандарға жөнелтілуде. Бұдан бөлек, бастамашыл топ жинаған қаржыға 281 000 дана бетперде, 6,3 мың литр залалсыздандыру сұйықтығы, 1,9 мың жана қорғаныш костюмдері алынып, дәрігерлерге табысталыпты. Ал облыс ауылдарының тұрғындары күн сайын ауруханаларға тегін тасымалдаған қымыздың мөлшері 840 литр шамасында екен. Ал соңғы кезеңде індетпен күреске жұмылған жұрттан жиналған қаржы көлемі 13,2 млн теңге көлеміне жеткен.

Игі бастамаға үлес қосып жүргендер сапында "Ұлағатты ұрпақ" қоры да бар. Бұл қор Райымбек ауданының ауруханасына тұрақты көмек беріп отыр. Жақында аудандағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында сұранысқа ие препараттар жеткізілген еді. Енді қор қаржысына 25 дана оттегі концентратын сатып алуға тапсырыс беріліпті. Оның алғашқы 5 данасы аудандық ауруханаға тапбысталған екен.

"Дәл қазіргідей уақытта "Ұлағатты ұрпақ" сияқты еріктілер тобының, қоғамдық қорлардың  жасап отырған қолдауы мен көмегіне аудан тұрғындары дән риза.. Өңірге дер кезінде жеткізілген өкпені жасанды жолмен тыныс алдыратын аппараттардың, ең қажетті дәрі-дәрмектердің арқасында көп адамдар сырқатынан айығып, қатарға қосылды. Ауданда  дәрі-дәрмек қоры жеткілікті дәрежеде. Біз қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған азаматтарға аудан тұрғындарының атынан алғыс айтамыз", – дейді Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35