Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Атырауда 6,6 тонна жанар майды құжатсыз тасығандар ұсталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаметінің қызметкерлері Мақат ауданында екі "Газель"  көлігін тоқтатып, құжатсыз жанар-жағармай тиелгенін анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 6,6 тонна жанар майды құжатсыз тасығандар ұсталды

Көліктерден жанар майды соруға және айдауға арналған құрылғылар да табылды.

"Полиция қызметкерлері 2 көліктің жүргізушілерінде (1984 және 1992 жылдары туған   азаматтар)  жалпы салмағы 6,6 тонна  сұйықтыққа қатысты    ешқандай құжаттар  жоғын анықтады. Тәркіленген  жанар-жағар майға  сараптама тағайындалды", - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық Кодексінің 197-бабымен (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау) сотқа дейінгі тексеру    жүргізіліп жатыр.