Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Түркістанда тропикалық жемістер өнімі арта түсуде

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан "Елнұр-Айдар" өндіріс кооперативі  тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді, - деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда тропикалық жемістер өнімі арта түсуде

Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 көшет лимон өсіріп отыр. Былтыр бір жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған кооператив лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, Ордабасы ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді. Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауыл округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған. Бүгінде 60 гектарға еккен, оның 11 гектары қарқынды алма бауы, 49 гектары сүйекті жеміс-жидек. Онда 4 адам тұрақты, 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр.

1

Аграрлы өңірде егін және мал шаруашылығы да дамыған. Мысалы, Бөржар ауылындағы "Сабыр" шаруа қожалығы ірі қара мал мен асыл тұқымды қой өсірумен айналысады. Қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар, 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

 

Түркістан облысы