Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырушылар азайып келеді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы тәуліктегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 3047 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1416 науқас жазылып шыққан, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырушылар азайып келеді

Олар дәрігерлердің бақылауына алынып, үй карантиніне шығарылған. Сондай-ақ, 22 шілде күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 48 жағдайы тіркелген болса, оның 25-і симптомды, ал 23-інің клиникалық белгілері жоқ екені анықталған. Науқастар негізінен Тараз қаласынан, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас және Қордай аудандарынан тіркелген. Өкінішке қарай, Талас ауданында жаңа туған нәрестеде 2 жағдай анықталған. Сонымен қатар, әртүрлі жастағы тұрғындар да қауіпті індетті жұқтырған.

Дегенмен, шұғыл әрекет етудің нәтижесінде бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырушылар азайып келеді. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, сырқаты ауыр өтетін, яғни клиникалық белгілері бар тасымалдаушылар бүгінде жұқпалы аурулар және уақытша ауруханаларға жеткізілген. Жеңіл және орташа дәрежелі аурулары бар науқастар үйде карантинге жатқызылған. Олармен байланысқан адамдар да карантинге жабылған. Вирус ошақтарына толыққанды дезинфекция шаралары жүргізілген.

 

Жамбыл облысы