Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы республикалық «Парасатты полицей» байқауы өтті.
Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы республикалық «Парасатты полицей» байқауы өтті.Оның мақсаты – ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, ІІО қызметкерлерінің оң имиджін нығайту, қызметкерлерді Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем тіл мен әдебиетті насихаттауды жандандыру болып табылады.
Байқауға барлық облыстардың ІІД қызметкерлерінен, сондай-ақ, жоғары және арнайы оқу орындарынан барлығы 21 команда сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша 5 номинация айқындалды. І-орын Алматы облысы ІІД-нің «Айбатты арлан, Тайсалмас тарлан» командасына, ал «Бас жүлде» Астана қаласы ІІД-нің «7172» командасына бұйырды. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Егемен-ақпарат».