Қазақстан • 24 Шілде, 2020

Пандемия тұсында гуманитарлық көмек қолжетімді болуы тиіс

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

COVID-19 пандемиясынан туындаған қатаң карантин жағдайында, әрбір минут қымбат, әсіресе, ол біздің отандастарымыздың өміріне және жедел медициналық көмек көрсетуге қатысты болғанда. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Пандемия тұсында гуманитарлық көмек қолжетімді болуы тиіс

БАҚ-та хабарланғандай, Қазақстанға бүгінгі күні қатты жетіспеушілігі сезіліп жатқан медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. Медициналық мақсаттағы өнімдер, атап айтқанда өкпені жасанды желдету аппараттары (ӨЖЖ), пульсоксиметрлер, сынапты және сымсыз контактілік термометрлер медициналық орталықтарға, емханаларға, ауруханалар мен госпитальдарға келіп түсу үшін ҚР СИМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шакқалиев қажетті Бұйрыққа қол қойды.

Енді рәсім айтарлықтай жеңілдетілді, атап айтқанда гуманитарлық көмек ретінде әкелінген өлшем құралдарын ҚР Мемлекеттік өлшем құралдарының тізілімінде тіркеуден өтпеуге рұқсат етіледі. Бұл шара пандемия жағдайында уақытша болып табылады, бірақ өлшем құралдарын соңғы пайдаланушыларға (медициналық орталықтар, ауруханалар және т.б.) "Өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңының 19-бабына сәйкес өлшем құралдарын бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз ету ұйғарылған.

Облыстар бойынша салыстырып тексеру зертханалары аккредиттеу бағытына сәйкес гуманитарлық көмек ретінде әкелінген, ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшем құралдарын салыстырып тексеруге қабылдауы қажет.

Аталған жедел шаралар медициналық бұйымдарды айналымға шығару үшін гуманитарлық көмекті кедергісіз қабылдау үшін қабылданғанын атап өту қажет.

Бүкіл әлемді қамтыған COVID-19 пандемиясы адамзат үшін маңызды сынақ болып табылады және мұндай стандартты емес шараларды қабылдау бақытсыз жағдайға тап болған адамдардың өмірін құтқару үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық жүктердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізу қажеттілігі болып табылады.

"Мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 Қаулысы осы шешім үшін негіз болып табылады.