Қазақстан • 24 Шілде, 2020

Қазақстан Армия халықаралық ойындарына қатысады

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстан 2020 жылы өтетін Армия халықаралық ойындарында "Танк биатлоны" конкурсына қатысуымен шектелетін болады. Қазақстандағы орын алған эпидемиологиялық және қатысушы елдердегі орын алған жағдайларға қарай Қорғаныс министрлігінің басшылығы осындай шешімге келді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстан Армия халықаралық ойындарына қатысады

Қазіргі уақытта Қазақстанның Қарулы Күштері короновируспен күресте халыққа қол ұшын беру жөніндегі міндеттерді атқаруда, сонымен қатар жоспарлы мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілуде. Бұл шешім халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған үнемделген қаражат есебіне негізделген.

Аталған "Танк биатлоны" ойынына қатысу барысында халықаралық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталады: екі апталық карантин, короновируске екі рет ПЦР-тестілеу жасалады.

Әскери қызметшілердің алдағы жарысқа барынша дайындалып жатқанын айта кеткен жөн. Сайысқа іріктеу өңірлік қолбасшылықтар, әскер түрлері мен тектері деңгейінде әскери бөлімдерде жүргізілді.

Ең уәкілетті командалардың бірі ретінде Қазақстан жыл сайын Армия халықаралық ойындарына қатысып келеді. 2019 жылы шетелде өткен басқа сайыстарға қатыса отырып, елімізде де армия ойындарының үш түрі өткізілген болатын. Сондай-ақ, басқа елдерде 13 халықаралық конкурсқа қатысты.

Көптеген жүлделі орындар біздің әскери мамандардың жоғары кәсіби даярлық деңгейін көрсеткенін байқатты. Өткен жылы қазақстандықтар жалпы командалық есепте әлемнің 39 елінен, атап айтсақ, Еуропа, Азия, Орталық және Латын Америка, Африка елдері арасынан үш алтын, екі күміс пен тоғыз қола медалге алып, үшінші жүлделі орынды иеленді. Сайысты өткізетін ел дәстүр бойынша жеңіске жететіні анық.

Өткен жылы танк биатлонында өзге елдер өздерінің ұлттық армия сапындағы танктерін жеткізіп сайысқа түсіп жарысып жатқанда, қазақстандық команда сайысты өткізуші елдің әскери техникасында жарысып, үздік үштіктен көрінді.

Армия халықаралық ойындары – бұл жәй жарыс емес, әскери даярлықтың ерекше түрі, түрлі елдердің армияларымен өтетін халықаралық оқу-жаттығу, түрлі жағдайлардағы және ахуалдардағы жарыс түрінде әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін шыңдауы, түрлі қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруі, армияның даярлық деңгейін көрсетіп, тәжірибе алмасуы. Бұдан өзге, осындай ауқымды халықаралық сайыстарға қатысу жеке кәсіби ептілікті арттыруда әскери қызметшілері үшін мықты мотивация болмақ.