Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Түрген мен Есік шатқалдарына кіруге тыйым салынды

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Алматы облысындағы Түрген және Есік шатқалдары аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дәрігері айтты, - деп жазады Egemen.kz

Түрген мен Есік шатқалдарына кіруге тыйым салынды

"Қаулы 23 шілде - 2 тамыз аралығында Түрген, Есік шатқалдары территориясына кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді.

Тек төмендегі ережені сақтаған жағдайда ғана жаяу серуендеуге болады:

1. сусыннан басқа азық-түлік алып өтуге, дастархан жайып, от жағуға тыйым салынады;

2. үш адамнан артық адамдарға топтасып демалуға тыйым салынады;

3. әлеуметтік қашықтық талаптарын, маска киюді қамтамасыз ету;

4. бір отбасынан 3 адамнан артық адамдарға коропоративтік, экскурсиялық, топтық демалыс тыйым салынады

5. осы аймақта орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар) алдын ала төлем алуды тоқтату;

6. қаулы шыққан уақыттан бұрын демалуға келген туристер қонақ үйлер мен шипажайда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеледі;

7. туристік аймақтарда сауда нүктелері, сауна, бассейн жұмысы тоқтатылады.

8. Іле Алатауы Ұлттық паркіне арнайы қызметтен бөлек көліктердің кіруіне тыйым салынсын", - делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Бұған дейін Алматыда да 14 шілдеден бастап таулы аймақтарға демалуға тыйым салынған болатын.