Аймақтар • 24 Шілде, 2020

Қостанай облысында браконьер ұсталды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жангелді ауданына қарасты Байтұрсын ауылынан 15 шақырым жердегі Қарасор өзенінің маңайында  38 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Күдіктіні тексеру барысында одан сойылған ақбөкен еті мен аңшы мылтығы және 12-ші калибрлі екі оқ тәркіленіп алынған, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында браконьер ұсталды

"Айғақ заттар сараптамаға жіберілді. Қазір  ҚР ҚК 339-бабының екінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр" - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Талғат Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда аймақта арнайы техникамен қамтамасыз етілген мобильді топтар рейд шараларын жүргізіп, бетпақдала киіктері мекендейтін Торғай өңірін торуылдауда. Сондай-ақ, полиция патрульдері өңірдегі мал ұрлығына қатысты қылмыстарға да тосқауыл жасайды.        

Қостанай облысы