Қазақстан • 24 Шілде, 2020

Бүгіннен бастап қазақстандықтар онлайн құрбандық шала алады

1430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап қазақстандықтар онлайн құрбандық шала алады

"Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтықтан құрбан шалу жобасын қолға алдық. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын ашып, 24 шілдеден, яғни бүгіннен бастап 24 сағат бойы іске қосылады. 30 шілдеге дейін құрбандық шалуға онлайн тапсырыс қабылдайды. Кез-келген азамат онлай түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. 

Онлайн режимде тапсырыс қабылдап, құрбандық етін көмекке зәру жандарға тарату тәжірибесі Түркия, Малайзия, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды бірқатар мұсылман мемлекеттерінде бұрыннан қалыптасқан және жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Бұл жүйенің басты ерекшелігі Құрбандық еті түгелдей мұқтаж азаматтарға таратылады. Алғаш рет іске қосылғалы тұрған бұл жүйенің кейбір кемшіліктері болуы мүмкін. Техникалық кемшіліктер орын алып жатса, халықты түсіністікпен қарауға шақырамыз", - деді ол.

Наурызбай қажы аталмыш жоба келесі жылы да жалғасын  табатынын айтты. 

"Аталмыш жоба келесі жылы да өз жалғасын табады деп жоспарлаудамыз. Онлайн құрбандық шалу барысында имамдарымыз делдалдық қызмет жасамайды, екі ортада жүріп пайда табумен айналыспайды. Біздің міндет – халыққа қызмет, құрбандық шалу рәсімін ұйымдастыру және құрбан еттерін мұқтаж жандарға үлестіру болып табылады", - деді Бас мүфти.