"Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. "Nur Otan" партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт" деген тақырыпта өткен конференцияға "Nur Otan" партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.
Конференция барысында модератор Ерлан Саиров дәрі-дәрмек тапшылығына аймақтардағы әкімдерді кінәлаған болатын. Алайда, Айдос Жұқанұлы оның бұл пікірімен келіспейтінін айтты.
"Өңірлерде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі денсаулық сақтау министрлігінің жауапсыздығынан туындап отыр. Біз коронавирус пандемиясына мүлдем дайын болмай шықтық. Пандемия қазақстандықтардың ішкі мәдениеті жоқ екенін көрсетті. Егер осы мәдениетімізбен жүре берсек, коронавирустан қазір құтыла алмаймыз. Үкімет халыққа, халық үкіметке сілтеп жүрген кезде ауру ойына келгенін істеп жатыр. Әркім өзінің ішкі мәдениетін жөндеуі керек", - деді ол.
А.Жұқанұлы әкімдерді дәрі-дәрмектің бағасын реттей алмайтынын айтады. Өйткені, бұл нарық заңына қайшы.
"Облыс әкімінің қолында не бар?! Ол биліктің өкілі. Жекеменшік дәріханаларға не айта алады? Кәсіпкерлер өнімді қаншадан сатқысы келетінін өздері біледі, оған арзан сат деп айту – нарық заңына қайшы болады", - деп қорытындылады ол өз ойын.
Елімізде болған дәрі-дәрмек тапшылығына әкімдер емес, Денсаулық сақтау министрлігінің жауапсыздығы себеп болды дейді белгілі журналист Айдос Жұқанұлы. Оның пікірінше, вирустың ел арасында жаппай таралуына халықтың жауапсыздығы да себеп. Бұл туралы ол "Nur Otan" партиясы жақтастарының zoom-конференциясында мәлімдеді.
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Алматыда қауіпсіздікке арналған видеосараптаманың жаңа түрлері сыналды
Оқиға • Бүгін, 17:55
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:30
Есірткіге қатысы бар құқық қорғаушыларға ең ауыр жаза қолдану қажет - Ерлан Қошанов
Есірткі • Бүгін, 17:15
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05