Оңтүстік Қазақстан • 27 Шілде, 2020

Сарыағашта егіс көлемі 917,6 гектарға инновациялық жоба іске асырылуда

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға жалпы 400-ге жуық шаруа қожалық ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Сарыағашта егіс көлемі 917,6 гектарға инновациялық жоба іске асырылуда

Жоба бойынша қазіргі таңда 36 704 тонна бірінші өнім жиналған. Екінші өнім егу бойынша 404 шаруашылық 921 гектар жерге егіс егу жұмыстарын аяқтап отыр.

Мәселен, Құркелес ауылындағы "Гүлшан апа" шаруа қожалығы 2 гектар жердің 1,2 гектарына қырыққабат, 80 сотығына баялдыр еккен. Бұл екінші өнім. Сондай-ақ ауданда қарқынды бау шаруашылығы мен жылыжай мол өнім беруде. Ең үлкен қарқынды бау – "АгроФуд Қазақстан" ЖШС 215 гектар жерінің 92 гектарына - алма, 70 гектарына - шабдалы, 22 гектарына - алша, 13 гектарына алхоры өсіруде. Тамшылатып суару технологиясы енгізілген қарқынды баудан былтыр жалпы 550 тонна өнім алынса, биыл қазірге дейін 160 тонна жеміс жиналған. Серіктестікте тұрақты 100 адам жұмыспен қамтылған. Маусым кезінде 170 адам жұмыс істейді. Ал жылыжайлардан ауданда жалпы 64 860 тонна өнім жиналған.