Білім • 27 Шілде, 2020

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі, деп жазады Egemen.kz

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны бесеуге азайды

Соның ішінде 5-еуі жаңа мектеп болса, 3-еуі қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. 

Нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке  азаяды. 

2020 жылы қалада 13 білім беру нысанының құрылысы жүрсе, соның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға жоспарланып отыр. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы, нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға жаңарып, соңғы үлгідегі бейне бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.