Көзден кетсе де, көңілден кетпейтін ерек тұлғалар болады. Сондай абзал азаматтардың бірі – Сержан Омаров еді. Жер жаһанды жайлаған аты жаман індет белең алып тұрған тұста ол фәниден бақиға аттанды. Жаны жайсаң жігіт небәрі 47 жыл ғұмыр кешті. Негізі бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Өзгелерді айтпағанда, спорт саласының басы-қасында жүрген азаматтардың өздері Сержан Бостанұлын көзі тірісінде-ақ көптеген дүбірлі додаларда дараланған белді балуан, талай дарынды жастың томағасын сыпырған білікті бапкер және парасат-пайымы мол іскер басшы ретінде түбегейлі мойындады.

Сержан Омаров 1973 жылы Алматы облысы Алакөл ауданының орталығы – Үшарал қаласында дүниеге келді. Ғасырлар тоғысында алауы тұтанған Сидней Олимпиадасында қола медальді иеленген Айдын Смағұловтай даңқты дзюдошыны баптаған білікті бапкер Бақытбек Мұстафиннің қол астында жаттығып, балуандық өнердің қыр-сырына қанықты. Кейіннен Өскемендегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдап, сол жерде Руслан Сейілханов, Рүстем Смағұлов, Асқар Можанов, Ержан Омарбаев, Ерлан Шедербаев сынды әлемдік деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқыраған саңлақтармен бір залда жаттықты. Алаштың мақтан тұтар азаматы Айдын Смағұловпен үш жыл бойы жатақхананың бір бөлмесінде тұрып, уақыт оза Олимпиадада атой салған балуанға ағалық қамқорлық көрсетті.
Сержанның спортшы ретінде де бағындырған белестері аз емес. Ол самбо күресінен республикалық жарыстарда оза шапты, көптеген турнирлерде топ жарды. 1993 жылы Кстовода өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола медалін мойнында жарқыратты. Қазақ күресінен ұйымдастырылған бірқатар ірі жарыстардың түйе балуаны атанып, «темір тұлпарды» да тізгіндеді.
Үлкен спорттан қол үзгеннен кейін кейіпкеріміз түрлі кәсіптің тұтқасын ұстады. Алайда боз кілемнен алыстаған жоқ. Жаңа ғасыр табалдырықтан аттаған тұста өзінің жеке жобаларын бастап, Алматы мен Үшаралдың арасын кезіп жүрген кезінде «Жерсу» деп аталатын іргелі корпорацияның басшысы Бауыржан Оспанов өзінің туған жері – Алакөл ауданының Жыланды ауылында күрес үйірмесін ашып, бапкер болуға Сержанға қолқа салды. Әрине белгілі кәсіпкердің бұл балуанға көңілі түсуі де бекер емес еді. Сержанның балуан ретінде бағындырған белестерімен қатар, оның азаматтық қасиеті, еңбекқорлығы, ісіне тиянақтылығы, сөзіне беріктігі жайында ол да естіген болар. Бизнесмен Оспанов бапкер Омаровқа: «Міндетті түрде Олимпиада чемпионын тәрбиелеуге тиіссің деп мен саған талап қоймаймын. Біздікі тек жастар ауылда сенделіп бос жүрмесін, жат қылықтардан аулақ болсын, саламатты өмір салтын ұстансын деген ниет қана. Олар спорт арқылы шынығып, шымыр болып өссе де ризамын. Ал егер әлдебіреулер өз қатарының алды болып, дара талантымен оқшауланып жатса, онда біз де қарап қалмаймыз. Барынша көмек көрсетуге әзірміз», деді.
Бизнесте бағы жанған азамат қол ұшын беремін деп құлшынып тұрса, тартынатын несі бар. Сержан келісімін берді де, іске білек сыбана кірісті. Өзі армандаған Алматыны, кіндік қаны тамған жері – Алакөлді тастап, бала-шағасын ертті де, Жоңғар Алатауы бөктеріндегі Жыландыға бір-ақ тартты. Келген бетте Б.Оспанов сол ауылдан үй әперді, алдына азын-аулақ мал салып берді. Жаттығуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, алаңсыз даярлануларына жағдай жасады. Спортшылардың оқу-жаттығу жиындарынан қалмай, шет жерлерде өтетін турнирлерге, республикалық жарыстарға шәкірттерін апаруға қажетті шығынды Бәкең өз мойнына алды. Ал бапкерге тек ерінбей еңбек етіп, шәкірттерінің шеберліктерін шыңдау ғана қалды. Ондай қара жұмыстан С.Омаровтың тартынбайтыны анық.
Содан бері талай жылдың жүзі болды. Жыландының жастары салауаттылыққа көптеп бет бұрды. Күрес залын жағалағандардың қарасы мол. Ал бұқаралық бар жерде, нәтиженің де болатыны заңды ғой. Бірте-бірте Омаров баптаған өрендердің алды халықаралық жарыстарда оза шаба бастады. Ең таңдаулы шәкірті – Арай Қалижанова 2005 жылы самбодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен әлем біріншілігінде қола медальді еншіледі. Ақмарал Шыңғысханова – белбеулі күрестен 2006 жылы әйелдер арасында ұйымдастырылған Қазақстанның тұңғыш чемпионатының жеңімпазы. Мөлдір Баяхмет екі рет оқушылар арасында ел чемпионы атанды. Мақпал Тілеубаева, Самат және Санат Көпшікбаевтар – республика біріншілігінің, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Басқа да болашағынан үміт күттіретін жас қырандар Жыландыдан көптеп шықты. Соны байқаған Оспанов мырза да қарап қалған жоқ. Ол өз қаражатына шағын ғана ауылда спорт кешенін салды.
2015 жылы дәл сол Бәкеңнің демеушілігімен Алматы облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат өз есігін айқара ашты. Грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, бокс, ауыр атлетика, шаңғы және тағы басқа да спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істей бастады. Спорт залдары заман талабына сай құрал-жабықтармен жабдықталды. Бұл іске еліміздің бірқатар өңірінен білікті бапкерлер тартылды. Бір сөзбен айтсақ, республикамыздың әр қиырынан келген жас өрендердің еш алаңсыз жаттығуына барынша жағдай жасалды. Ал осы мекемені басқару белгілі балуан, білікті бапкер Сержан Бостанұлына сеніп тапсырылды. Басшы ретінде де ол іскерлігімен көзге түсті. Бас-аяғы төрт жылдан аса уақыт аралығында Лепсідегі мектеп-интернаттың оқушылары республикалық додаларда дараланып, халықаралық ареналарда бой көрсетті. Ол аз десеңіз, айтулы азаматтың тікелей ұйтқы болуымен еркін күрестен Мәулен Мамыров пен Дәурен Жұмағазиев, грек-рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев пен Марғұлан Әсембеков, бокстан Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы, дзюдодан Айдын Смағұлов, Асхат Житкеев және Азамат Мұқановтың құрметіне Лепсіде жыл сайын дүбірлі дода ұйымдастырылып тұрды.
Сержан тоқмейілсуді жаны сүймейтін жігіт еді. Әркез «арық сөйлеп, семіз шығуды» ұнататын. Мақтанып, шәкіртінің жеңістеріне масаттанып тұрған сәтін бір көрмейсің. Сәл көтермелеп сөйлесең «Бәрі Алла тағаланың арқасы. Біздікі – жай талпыну, тырмысу ғой» деп кішіпейілдік танытатын. Ол ешуақытта мақтанбайды және өзін де мақтағанды ұнатпайды. Болашақтағы жоспарын сұрасаң, «бұйыртса» деп баппен сөйлеп, сабырлы қалпынан еш айнымайтын. Өйткені Сержанның табиғаты сондай! Ал ел спортының жай-күйі жайында әңгіме қозғалса, оны тоқтату қиын. Кешегісін, бүгінгісін айтқанда, алдына жан салмайды. Тек өзі серік еткен күрес өнерін ғана емес, өзге де спорт түрлеріне қанық екенін бірден аңғартады. Қазақ спортының тарихына кәдімгідей қанық. Ондай сәттерде сабазбен сөз таластыру, текетіресу – бекер. Іштей болса да, мықтылығын мойындайсың!
Өскеменде бірге оқыған достары айтады: Жатақханада тұрғанда Сержанды дүкенге жұмсасаң, қажетті тағамға бөлінген қаражаттың тең жартысына газет-журналдар сатып алады. «Егемен Қазақстан», «Спорт», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Парасат»... кілең қазақ басылымдары. Онсыз да «Шықпа, жаным шықпа» деп тиын санап жүрген студенттер оның бір бума газетті көтеріп келе жатқанын көргенде «Мұның не, Сержан? Ертең де күн бар ғой. Азыққа ақша қалдырсаң қайтеді» деп ренжігендей сыңай танытады екен. Секең сонда да селт етпейді-ау! «Мәселе тек қарын тойдыру емес қой. Адам баласына рухани азық та қажет», деп жылы жымияды да қояды. Осындай жауапты естігенде біз де тосылып қаламыз. Сөз тапқанға қолқа жоқ!
Нұр-Сұлтанда ауыз бекіткендерге ыстық тамақ таратылды
Елорда • Бүгін, 22:25
Елорданың паралимпиадалық орталығы айына қанша адам қабылдайды?
Қоғам • Бүгін, 22:00
Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты
Парламент • Бүгін, 21:53
Елбасы Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы • Бүгін, 21:15
Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?
Спорт • Бүгін, 21:00
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Бүгін, 20:40
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:35
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Бүгін, 19:59
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Ұқсас жаңалықтар