Карантин режимінің жеңілдеуіне коронавирус жұқтырғандар саны мен індеттен қайтыс болғандардың деңгейі мен төсек-орындардың аптасына 70 пайыз ғана толуы әсер етеді.
Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:
- ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;
- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;
- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;
- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары.
- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;
- Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда - үш адамнан аспайтын топтарға;
- Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Алайда келесі шараларға тыйым салынады:
- жаппай тойлау шаралары, көңіл көтеру мекемелерінің, кинотеатр, фудкорт, банкет залдарының;
- мейрамхана, бар, түнгі және ойын клубтарының;
-мәдени нысандар, музей, конференция, көрме, форум ұйымдастыруға тыйым салынады;
- спорт залдары, фитнес залдары, бассейн, аквапарктардың;
- діни нысандардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.