Коронавирус • 28 Шілде, 2020

COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 16 миллионнан асып кетті. Олардың 4 миллионы АҚШ азаматы, - деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-19: Әлемдегі ахуалға шолу

Ал Испанияда адамдардың аптап ыстықта жағажайларға көптеп баруы ауру санын күрт өсірді. Бұл жағдайға Еуропа елдері алаңдап отыр.

Қытайда да қауіпті инфекцияның жаңа ошақтары анықталды. Демек бұл коронавирус қайта өршуі мүмкін дегенді білдіреді, - дейді сарапшылар. Соңғы дерек бойынша көрші елде 60-тан аса адам COVID-19 жұқтырған. Сондай-ақ 40-қа жуық азаматтан вирустың симптомсыз түрі анықталды. 

Африка елдері де қауіпті дертпен күресе алмай әлек. Бұл құрлықтағы мемлекеттер де карантин режимін ұзартуға мәжбүр болып отыр. Дәл қазіргі уақытта науқастар саны 827 мыңнан асқан. Сондықтан, Алжир коменданттық сағатты тағы 15 күнге ұзартуға шешім қабылдады. 

Бразилия вирус жұқтырғандар саны бойынша тізім басында тұр. Елде 2,5 миллионға жуық азамат қауіпті дертке шалдыққан. 

Вирус жұқтырушылар саны аз мемлекеттердің бірі - Вьетнам. Мұнда жалпы саны 420 науқас тіркеліпті. Сондай-ақ аталмыш елде әліге дейін өлім-жітім тіркеле қойған жоқ.