Қазақстан • 28 Шілде, 2020

Карантин жағдайында демалыс орындары қалай жұмыс істейді?

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шектеулер жағдайында демалыс орындарының жұмыс істеу алгоритмі туралы МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Карантин жағдайында демалыс орындары қалай жұмыс істейді?

"Еліміз ТЖ шыққаннан кейін турбизнес субьектілерінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында біздің министрлік ДСМ-мен бірлесіп персонал мен демалушылардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ете отырып, карантиндік шектеулер жағдайында курорттар мен санаторийлер жұмыстарының алгоритмін жедел әзірледі" деді МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Оның мәліметінше, аталған алгоритмдер орналасу орындарына, барлық меншік иелеріне жеткізілді. Бизнес бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, туристік маусымның басталуына дайындалу, қорғау құралдарын сатып алу, нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды сақтай отырып, жұмыстарды ұйымдастырды.

"МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.Өз кезегінде қалалар мен облыс әкімдіктерінде туристік объектілерін қабылданған алгоритмдерге сәйкестігін тексеру бойынша тұрақты мониторинг топтары құрылды. Осылайша, ішкі туризм саласында жұмыс істеуге және клиенттер алдындағы міндеттерін орындауға мүмкіндік берілді", деді МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.