Ертеде қылқалам шеберлері талантты адамдарды жасыл түспен әрлесе керек. Ойлы оқырман картинаның бояуына қарап тамсанып, суретшінің шығармасын бағалаған. Ал қазір ше? Біз жасыл түспен тұмса табиғатты ғана байланыстыратын болдық. Ал табиғатынан талантты, ашық-жарқын жандардың бет-бейнесі тұмшаланып қалды. Әйткенмен осы бір түйінді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы тарқатып келе жатқандай. Осыған дейін еңбегіне ел сүйінген қаншама есімдер танылды. Бүгін біз солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері Нұрбек Әлібек жайында айтпақпыз.

Тамыры мықты ағаш жемісті де өрісті болатыны секілді кез келген тіршілік иесінің бойындағы қабілет кіндік қаны тамған топырағынан дариды. Бұл – баба дәстүрінің бір өзегі. Кермедегі жүйрікті тұрысына қарап сынаған қазақтың болар баланы бесігінен танитыны содан. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де кешегі Асан қайғы бабамыз «Жер жәннаты» деп айдар тағып, ат қойған алып мекеннің перзенті. Қарапайым отбасында қанат жайған жастың әкесі құрылысшы болса, анасы ұлағатты ұстаз. Осындай мәуелі шаңырақта тәрбиеленген ол жасынан қағілез, өнерге біртабан жақын болды. Әртүрлі маман иелерінің дастарқан басында айтатын қызықты әңгімелерін, құйма құлақ ұл жадында тоқып, жақсылыққа бастаухат қылған. Оны өзі де жасырмайды.
– Біздің отбасындағы әрбір кездесуіміз ұзақ әңгімеге жалғасатынының бірден бір себебі, әрқайсысымыздың әртүрлі мамандық иесі болғандығымыздан болар. Бұл өзіңе беймәлім әлемнің есігін ашқанмен бірдей сезім. Өзімнің туған жерім Панфилов ауданына қарасты Надек ауылындағы орта мектепте білім алдым. Кейін белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың басшылығымен болған арнайы іріктеуден өтіп, Талдықорған қаласындағы Өнер мектебіне қабылдандым. Осы тұста әкем мен анамның еңбегі өлшеусіз. Олар астыма көлік мінгізіп, үй алып, үстіме қымбат киім әперген жоқ. Бірақ ең бастысы армандарыма кедергі келтірмей, маған таңдау құқығын берді. Сол үшін мен оларға қатты ризамын және алғыс айтамын, – дейді Н.Әлібек.
Талдықорған қалалық дарынды балаларға арналған Өнер мектебін «Дәстүрлі ән-терме» сыныбы бойынша және Дәнеш Рақышев атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын үздік бітірген соң, бала арманын жетектеп алып шаһар Алматыға келеді. Бақ пен бабы қатар шауып, өзі мақсат еткен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасына оқуға қабылданады. Бұл оның өміріндегі ең биік баспалдақтың бірі еді. Себебі театр майталманы Н.Жақыпбайға шәкірт болу кез келген жас әртістің қолы жете бермейтін шың. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы дегендей, жас маман бүгінде Сарыарқа төріндегі Жастар театрының белді әртісі. Жеткен жетістігі де көл-көсір. Атап айтсақ, 2016 жылы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған XXIV театрлар фестивалінде «Моцарт» мюзиклі Гран-при жүлдесінің иегері атанды. 2018 жылы Оңтүстік Корея «DIMF XII» Халықаралық мюзикл фестивалінің Арнайы дипломын қанжығасына байлап қайтты. Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVІ Республикалық фестивалі «Үздік спектакль» – Гран-приіне ие болды. Түркияның Конья қаласында өткен «Мың тыныс – бір дауыс» халықаралық театрлар фестивалінің Алғыс хатымен марапатталды.
Киелі сахна қарапайым ауыл баласы үшін жарқын болашаққа Жетіқарақшыдай жол көрсетті деуімізге негіз бар. «Үлкен сахнаға алғаш табаным тиген сәттен бастап менің бір түсінгенім, тек қана еңбектену керек екен. Мейлі сен қателес, мейлі дұрыс жасама, ең бастысы, бір орында тұрып қалмау. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дегендей, алдыңдағы кез келген шыңға бет алып жүре беру ерлікпен пара-пар» дейді кейіпкеріміз. Өнер академиясында жүргенде де ерекшелігімен көзге түсіп, өз тобын Оңтүстік Корея еліне екі рет баруға мүмкіндік жасағанын да айтпай кетуге болмас. Қазір де көптеген қойылымдарда басты рөлдерде жоғары дәрежеде ойнап, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Кино әлемінде де өзіндік қолтаңбасын қалдырып келеді.
«Бос уақытымды кітап оқуға арнағанды жақсы көремін. Не болмаса оңаша қалып, аздап өлең жазатын әдетім бар. Өзімді ақын деп санамаймын, тек көңіл толқыған сәтте ойларымды қағаз беттеріне түсіргенді ұнатамын. Өзіме үлкен шабыт алатын кезім түн және тыныштық. Ал менің өмірлік энергиям – кішкентай балдырғандар. Сәби көрсем әлемнің бар қиындығын ұмытамын. Олар өздерінің бейқам өміріне жетелей жөнелетіндей болып тұрады. Болашақта «көп балалы әке» деген атқа ие болғым келеді. Ұрпағым білімді болу үшін әйелім екеуіміз білімді болуымыз керек деген пікірдемін». Сертке бекем сері жігіт ойындағы аруды әлі іздеп келеді.
Сахна сыртындағы Нұрбектің өмірі жүрек елжіретеді. Ол «Алтын жебе» волонтерлік ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Волонтерлік топтың басты міндеті – онкологиямен ауыратын балаларды шетелде жасалатын операциямен қамтамасыз ету. Ашығын айтқанда, қаржы жинау. Әрине осы уақытқа дейін кішігірім топпен құрылған топта қазір 50 ерікті тұрақты жұмыс істейді. Қарттар үйіне, балалар үйіне, жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесіп, жұмыссыз қалған жандарға қолұшын береді. Мектепке балдырғандарды даярлау жұмыстарын түгелдей дерлік осы волонтерлік ұйым өз мойнына алып, бір кісідей еңбек етіп келеді. Жанына шипа іздеген жандарға қарлығаштың қанатымен су сеуіп жүрген еріктілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Кейіпкеріміздің ерекше қыры, дипломатиялық қарым-қатынас орната білуінде. Қазіргі таңда Жастар театрында актерліктен бөлек, «Жарнама» бөлімінің жанынан құрылған «Халықаралық қатынастар» бөлімінде қызмет атқарады. Бұл дегеніңіз – театрдың бір жылдық шетелге жасалынатын гастрольдік сапарлары мен фестивальдары түгелдей дерлік Нұрбектің жетекшілігімен жүзеге асырылады деген сөз. «Мен істемесем кім, бүгін істемесем қашан?» деген ұстанымды қазық еткен жалынды жас әлі талай биіктерді еңсеретініне еш күмәніміз жоқ. Жанына шуақ шашқан Нұрбек сияқты жандардың қасымызда жүргенін ұмытпайық.
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар