10 Сәуір, 2010

СЕНАТОР – ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АРНАУЛЫ ӨКІЛ

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Жоао Соареш Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ЕҚЫҰ ПА мүшесі Әділ Ахметовті ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Президентінің Қыр­ғыз­стандағы жағдайды байқау жөніндегі Арнаулы өкілі етіп тағайындады, деп ха­барлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Ә.Ахметов үстіміздегі жылғы 10 сәуірде Қырғызстан және халық­ара­лық ұйымдар өкілдерімен кез­де­сулер өткізу үшін Бішкекке барады. Сенатор Әділ Ахметов Қа­зақ­стан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, біздің еліміздің Ұлыбритания Ко­роль­дігі мен Солтүстік Ирлан­дия­дағы Төтенше және өкілетті елшісі болды, Ирландия Республи­ка­сын­дағы, Норвегия Корольдігі мен Швеция Корольдігіндегі елші қыз­метін қоса атқарды. 2007 жылғы тамызда Президент Жарлығымен Ә.Ахметов Парламент Сенатының депутаты болып та­ғай­ын­далды, осы кезде Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. 2009 жылғы маусымнан бастап ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төраға­сының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі қызметін қоса атқарады.