19 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №734

240 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін

2013 жылғы 23 шілде, Астана, Үкімет Үйі
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысымен бекітілген

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру тәртібін айқындайды.
2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне осы Қағидаларға 1-қосымшадағы нысанға сәйкес ішкі істер органдары беретін рұқсаттамалар бойынша рұқсат етіледі.
3. Рұқсаттамалардың бланкілерін дайындауды облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) жүзеге асырады.

2. Шетелдіктердің азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру тәртібі
4. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа кіру құқығына рұқсаттамаларды Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты болатын жері бойынша ІІД көші-қон полициясы басқармалары береді.
5. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға рұқсаттамалар:
1) тұрақты тұру үшін келетіндерге – ішкі істер органдары беретін тұрақты тұруға арналған рұқсаттың немесе тиісті санаттағы визаның негізінде;
2) туризм мақсатында келетіндерге – тиісті санаттағы виза немесе туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымның растауы болған кезде қолдаухат негізінде;
3) оқу мақсатында келетіндерге – Қазақстан Республикасы оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты болған кезде;
4) жұмыс мақсатында келетіндерге – қолданыстағы заңнамаға сәйкес алынған, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат болған кезде жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде;
5) емделуге келетіндерге – медициналық ұйымдар куәландырған растау құжаттарының немесе шекаралық аймақта орналасқан санаторий-курорт ұйымдарының жолдамалары негізінде;
6) жеке істері бойынша келетіндерге – шекаралық аймақта тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының шақыруы негізінде беріледі.
Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар шекаралық аймаққа (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) рұқсаттама ресімдемей, өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары және медициналық ұйымдар куәландырған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туысқандары жерленген жерлерге барған кезде – жерленген жерін растайтын мәліметтер бойынша кіреді.
6. Рұқсаттама 1 айға дейінгі мерзімге беріледі және қажет болған жағдайда дәл осындай мерзімге ұзартылады.
Шекаралық аймақта екі айдан астам болу қажет болған жағдайда жаңа рұқсаттама ресімделеді.
Оқу мақсатында келген кезде рұқсаттама бір оқу жылы мерзіміне беріледі.
Тұрақты тұру мақсатында келген кезде рұқсаттама шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты және шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін ресімдеу үшін қажетті мерзімге беріледі.
7. Рұқсаттамалар бір адамға беріледі. Шекаралық аймаққа ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен келетін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.
8. Шекаралық аймаққа кіретін адамдар межеленген жерге келген соң Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты немесе уақытша тұратын жеріндегі ішкі істер органдарында күнтізбелік бес күн ішінде тіркеледі.
9. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар белгілі бір елді мекенге беріледі. Бірнеше аудандардың немесе облыстардың аумағына кіру қажеттілігіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыру туралы қолдаухат болған кезде рұқсаттамалар шекаралық аймақтың бірнеше елді мекеніне беріледі.
10. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жоғалтқан рұқсаттамалардың орнына жаңасы тек олардың берілгенін тиісті ішкі істер органы растағаннан кейін берілуі мүмкін.
11. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар алу үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кіргенге дейін күнтізбелік 7 күн бұрын тұрғылықты жеріндегі ІІД көші-қон полициясы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлғалардан – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және осы Қағидаладың 5-тармағында көрсетілген, кіру мақсатын растайтын құжаттар;
2) заңды тұлғалардан – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын немесе ұйым әкімшілігінің атынан қолдаухат.
Егер азаматтар тобы шекаралық аймақта жұмыстар жүргізуге жіберілсе, тізімдер қолдаухатқа қоса беріледі және үш данада ұсынылады. Тізімнің бірінші данасы көші-қон полициясы басқармасы бастығының немесе оның орынбасарының қолымен расталады, визалық мөрмен бекітіледі, топ жетекшісіне беріледі, екінші данасы ішкі істер органында қалады, үшінші данасы адамдарды тексеру үшін жолданады және ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінде қалады.
12. Шекаралық аймаққа кіретін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеріледі.
Шекаралық аймаққа өз бетінше, сондай-ақ ата-аналарымен немесе өздерімен ілесіп жүретін адамдармен бірге келетін 16 жасқа толмаған балалар жедел есептер бойынша тексерілмейді.
13. Өтініштер немесе қолдаухаттар оң қаралған кезде жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беріледі. Рұқсаттамалар жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттарды тексергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекаралық аймаққа кіруге берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында қол қоя отырып беріледі.
Рұқсаттаманы берген кезде көші-қон полициясының қызметкерлері алушыны рұқсаттаманың сыртқы жағында жазылған ережелермен қолын қойғыза отырып таныстырады.
14. Шекаралық аймаққа кіру және онда болу үшін қажетті құжаттар тізбесін толық ұсынбау шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Рұқсаттаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды бұл туралы уәкілетті орган хабардар етеді.
15. Қажетті құжаттарды тапсыру сәтінен бастап шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттаманы беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.
Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беру немесе оны беруден бас тарту, сондай-ақ рұқсаттаманың жарамдылық мерзімін ұзарту туралы шешімдерді ІІД көші-қон полициясы бөлімшелерінің бастықтары растайды.

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 1-қосымша

НЫСАН
РҰҚСАТТАМА

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ


_______________
(облыс)


_______________
(ішкі істер органының атауы)


20 ж «__»______.


М.О.    
 Азамат (ша) ________________________________________ ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты және туған күні)

___________________________________
___________________________________________________
(қаланың, қоныстың нақты атауы және құрамы көрсетіледі)
____________________________________________________осы пункт қай облысқа кіреді)
 кіруге рұқсат етіледі.

Жол жүру мақсаты_________________________________

Өзімен бірге 16 жасқа толмаған балалар бар ________
____________________________________________________
(әрбір баланың аты, жасы көрсетіледі)

Мынадай құжатты ұсынғанда жарамды_________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________
(құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі________________
Бастық _____________

 (сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқсаттама онда көрсетілген елді мекенге кіру құқығын береді.
2. Рұқсаттамада көрсетілген жерге келген адам келгеннен кейін өзінің рұқсаттамасы мен пас­портын ішкі істер органдарында тіркеуге беру үшін тіркеуге жауапты үй басқарушысына, жатақхана комендантына, қонақ үй, санаторий, демалыс үйі әкімшілігіне немесе осыған арнайы уәкілетті адамға тапсырады.
3. Рұқсаттама жоғалған жағдайда, бұл туралы болатын жері бойынша жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлануы тиіс.
4. Рұқсаттама алған, бірақ қандай да бір себептермен онда көрсетілген елді мекенге шықпаған адам оны ішкі істер органдарына тапсыруға міндетті.

Қағидалармен таныстым ____________

(қолы)

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 2-қосымша

НЫСАН
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.

Онда ____________________________________________________________
(жол жүру мақсаты)
________________________________________________ мерзімге шығамын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________________________________
Аты ______________________________________
Әкесінің аты __________________________________
Туған жылы мен жері ________________________ ______________________
Жұмыс орны ______________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері___________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар:_____________________________________
 (аты және жасы)

Паспорт сериясы____ № ___________________ «____»__________20_____ж.
 __________________________________________________________________
__________________________________________________________________ (күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы _____________________
_____________________
 (күні, айы және жылы)

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 3-қосымша

НЫСАН

ҚОЛДАУХАТ
 ________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
 (елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ________________________

Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты ______________________________
Әкесінің аты_______________________, Туған күні мен жері ___________
__________________________________________________________________

Жұмыс орны ______________________________________________________
(қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері __________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ «_____»___ 20 ________ж.
__________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты _____________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері __________
__________________________________________________________________

Жұмыс орны ______________________________________________________
 (ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері___________________________________________________
Паспорт сериясы _____№_____________________ «___»_______20___ж.
__________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
__________________________________________________________________

М.О.

Бастықтың қолы ___________________
    ___________________
    (күні, айы және жылы)

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларына 4-қосымша

НЫСАН

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу
КІТАБЫ
Р/с  №    Рұқсаттама    Рұқсат-таманың берілген күні    Рұқсат-таманың жарамдылық мерзімі    Т.А.Ә.    Іссапар куәлігін қашан және кім берді    Рұқсаттама қайда берілді    Алғаны туралы қолхат
    сериясы    нөмірі                        
                                
                                


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №2105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №59, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы да ұсынылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8, 9, 48-баптары;
2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22-баптары;
3) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 9-тармағы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 8-тармағы негізінде көрсетіледі.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық поштаға немесе жеке не заңды тұлғаның жеке кабинетіне веб-портал арқылы электрондық нысанда өтініш білдірілген кезде байланыс арналары арқылы паспортқа тұтынушыны тіркеу туралы жапсырма қағаз, ол ақпаратты қағаз тасымалдағышқа түсірудің кез келген құралында басып шығарылады не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берген сәттен бастап – бір жұмыс күні.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Веб-портал арқылы өтініш білдірілген кезде мемлекеттік қызмет тәулік бойы көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып, веб-порталда электрондық нысанда сауалнама толтырылады.»;
20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM хатшылығының қызметкері уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.
21. Шағымдар электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетілгені туралы шағымдар пошталық және электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, IІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.»;
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД, ІІМ хатшылығы арқылы қолма-қол қабылданады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның 1-тармағы алынып тасталсын.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
 көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.    Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу*    Жеке тұлғалар    IIМ    IIМ    Ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері     Электрондық (паспортқа жапсырма бет басып шығарылады) және қағаз түрінде (көшi-қон карточкасының «тiркеу» бағанын толтыру)


 »;
реттік нөмірі 438-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
438.    Жеке және қызметтiк iстер бойынша Қазақстан Республикасына шақыруларды ресiмдеу    Жеке және заңды тұлғалар    IIМ    IIМ    Ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері     Электрондық, қағаз түрінде (шақыру)


 »;
реттік нөмірі 442-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
442.    Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру    Жеке және заңды тұлғалар    IIМ    Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi көші-қон полициясының бөлімшелері және Астана, Алматы қалаларының және облыстардың iшкi iстер департаменттерiнiң көшi-қон полициясы басқармалары    Ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері    Қағаз түрінде (рұқсат-тама)


».
3. «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақы­руларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 277-құжат):
 көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасына жеке және қызметтік істер бойынша шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы да ұсынылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8, 9, 48-баптарының;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17 мен 5-тармақтарының;»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі  745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 438-тармағының.
Веб-портал арқылы электрондық нысанда өтініш берілген кезде байланыс арналары бойынша жеке не заңды тұлғаның электрондық поштасына немесе жеке кабинетіне тұтынушының Қазақстан Республикасына кіруіне рұқсат берілгені туралы растау не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.»;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – жеті жұмыс күні;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берген сәттен бастап – жеті жұмыс күні.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«9. Веб-портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызмет тәулік бойы көрсетіледі.»;
 11-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып, веб-порталда электрондық нысанда сауалнама және өтініш толтырылады.».
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД-нің хатшылығында, ІІМ-де алуға болады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Дөрекі қызмет көрсетілмегені туралы шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІБ-ның, ІІД-нің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не ІІБ, ІІД, ІІМ кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.».
4. «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 қазандағы №1266 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» мемлекеттік қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) көрсетеді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. Рұқсаттама тиісінше ІІМ көші-қон полициясы бөлімшелерінің немесе ІІД КҚПБ бастығының мөрімен және қолымен бекітіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар тұтынушының болатын жерi бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көшi-қон полициясының бөлімшелеріне өткiзiледi.»;
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өтініштер немесе қолдаухаттар оң қаралған кезде жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беріледі. Оларға рұқсаттамалар жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттарды тексергеннен кейін осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес шекаралық аймаққа кіруге берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында қол қойғыза отырып беріледі. Шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама белгілі бір елді мекенге беріледі.
16. Шекаралық аймаққа кіру үшін қажетті құжаттардың тізбесін толық ұсынбау шекаралыққа аймаққа кіруге рұқсаттама беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД-нің хатшылығында, ІІМ-де алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1 мекенжайы, 71-51-31 телефон бойынша ІІМ-ге шағым береді.»;
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
 «Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не ІІД-нің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.»;
көрсетілген стандартқа 2, 3, 4, 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысына 1-қосымша

«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

НЫСАН

РҰҚСАТТАМА


ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ


_______________
(облыс)


_______________
(ішкі істер органының атауы)


20 ж «__»______.


М.О.
    
 Азамат (ша) ________________________________________ ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты және туған күні)

___________________________________
___________________________________________________
(қаланың, қоныстың нақты атауы және құрамы көрсетіледі)
____________________________________________________осы пункт қай облысқа кіреді)
кіруге рұқсат етіледі.
Жол жүру мақсаты_________________________________
Өзімен бірге 16 жасқа толмаған балалары бар________
____________________________________________________
(әрбір баланың аты, жасы көрсетіледі)
Мынадай құжатты ұсынғанда жарамды_________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________
(құжаттың сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
Рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі________________
Бастық _____________


 (сыртқы жағы)
ҚАҒИДАЛАР
1. Рұқсаттама онда көрсетілген елді мекенге кіру құқығын береді.
2. Рұқсаттамада көрсетілген жерге келген адам келгеннен кейін өзінің рұқсаттамасы мен пас­портын ішкі істер органдарында тіркеуге беру үшін тіркеуге жауапты үй басқарушысына, жатақхана комендантына, қонақ үй, санаторий, демалыс үйі әкімшілігіне немесе осыған арнайы уәкілетті адамға тапсырады.
3. Рұқсаттама жоғалған жағдайда, бұл туралы болатын жері бойынша жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлануы тиіс.
4. Рұқсаттама алған, бірақ қандай да бір себептермен онда көрсетілген елді мекенге шықпаған адам оны ішкі істер органдарына тапсыруға міндетті.

Қағидалармен таныстым ____________

(қолы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысына 2-қосымша

«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша

НЫСАН

ӨТІНІШ
 __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
кіруге рұқсаттама беруіңізді сұраймын.

Онда ____________________________________________________________
(жол жүру мақсаты)
________________________________________________ мерзімге шығамын.

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тегі __________________________________
Аты ______________________________________
Әкесінің аты __________________________________
Туған жылы мен жері ________________________ ______________________
Жұмыс орны ______________________________________________________
(ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері___________________________________________________
Өзіммен бірге балаларым бар:_____________________________________
 (аты және жасы)

Паспорт сериясы____ № ___________________ «_____»_________20_____ж.
 __________________________________________________________________
__________________________________________________________________ (күні және паспортты берген органның атауы)
Бастықтың қолы _____________________
_____________________
(күні, айы және жылы)
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысына 3-қосымша

«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша

НЫСАН

ҚОЛДАУХАТ
 ________________________ кіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
 (елді мекен, аудан, облыс)
Жол жүру мақсаты _______________ мерзімі ________________________
Мынадай адамдарға:
1. Тегі ______________________ Аты ______________________________
Әкесінің аты_______________________, Туған күні мен жері ___________
__________________________________________________________________
Жұмыс орны ______________________________________________________
(қайда және кім ретінде)
Тұрғылықты жері __________________________________________________
Паспорт сериясы _______ № _______________ «_____»___ 20 ________ж.
__________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
2. Тегі ______________________ Аты _____________________________
Әкесінің аты _______________________, Туған күні мен жері __________
__________________________________________________________________
Жұмыс орны ______________________________________________________
 (ұйымның атауы және лауазымы)
Тұрғылықты жері___________________________________________________
Паспорттың сериясы _____№______________________ «___»_______20___ж.
__________________________________________________________________
(паспортты берген органның атауы)
__________________________________________________________________
М.О.
Бастықтың қолы ___________________
____________
(күні, айы және жылы)

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі №734 қаулысына 4-қосымша

«Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша

НЫСАН

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне берілген рұқсаттамаларды есепке алу
КІТАБЫ
Р/с №    Рұқсат-тама    Рұқсат-тама-ның беріл-ген күні    Рұқ-сат-тама-ның әрекет мер-зімі    Т.А.Ә.    Іссапар куә-лігін қашан және кім берді    Рұқсат-тама қайда берілді    Алғаны туралы қолхат
    серия-сы    нөмірі                        
                                
                              

Соңғы жаңалықтар