Егер алғашқы жарна 30%-дан асса, онда жылдық мөлшерлеме 20%-дан жоғары болмайды. Ал жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме бұрынғыдай 25%-ға дейін жетуі мүмкін.
Қазір елімізде ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталып отыр. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл көрсеткішті 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет әрекет жасаған.
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, өзгерістерге қатысты техникалық мәселелер әлі де пысықталып жатыр. Тиісті шешім жобасын мамыр айында жариялау жоспарланып отыр.