Taza.kz

# Ипотека

Ипотека • Кеше

4 маусымнан бастап ипотека қымбаттайды: «Отбасы банк» қандай өзгеріс енгізді?

4 маусымнан бастап «Отбасы банк» аралық тұрғын үй қарыздары бойынша жаңа талаптарды енгізеді. Енді бұрынғыдай бірнеше пайыздық мөлшерлеме емес, барлық клиенттер үшін бірыңғай 8,5% жылдық мөлшерлеме қолданылады. Ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9%-дан 9,6%-ға дейін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 21 Мамыр, 2026

Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?

Елімізде ипотека арқылы баспана алу қиындайды. Шілде айынан бастап ипотекалық несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға азаяды. Ел пайыз төмендеді деп қуанғанымен, банктер енді баспананы кімдерге берілетінін біраз талдап, таразылап барып шешетін болады. Сарапшылардың айтуынша, енді ипотека алғысы келген азаматтың қарыз жүктемесі мен табысы банк тарапынан мұқият тексеріледі. Бұған дейін де оңай болмаған үйлі болу мәселесі, одан әрі де қиындай түспек. Аталған мәселеге байланысты саладағы сарапшыларға Egemen.kz тілшісі сауал жолдады.

Ипотека • 13 Мамыр, 2026

Қазан айынан бастап пайызсыз ипотека берілуі мүмкін: Бастапқы жарна қанша?

«Отбасы банк» 2026 жылдың қазан айынан бастап исламдық ипотека өнімін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы банк басшысы Ләззат Ибрагимова Kazinform агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 27 Сәуір, 2026

1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Ең басты жаңалық – ипотекалық несиелер бойынша екі түрлі шекті мөлшерлеме белгіленеді: 20% және 25%, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 24 Сәуір, 2026

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

1 шілдеден бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 17 Сәуір, 2026

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді

2024 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстанда ипотеканы өтеу тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер екінші деңгейлі банктерде ипотекасы бар азаматтарға қатысты және зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерін жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 10 Сәуір, 2026

«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банк» Азия даму банкімен 90 млрд теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Бұл қаражат «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары аясында тұрғын үй несиелерін беруге бағытталады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ипотека • 17 Наурыз, 2026

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталып, мыңдаған азамат жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болуға талпынып жатыр. Дегенмен, сарапшылар әдетте бағдарламаның талаптарын дұрыс түсінбегеннен көптеген адам конкурстан өтпей қалып жататынын айтады. Алдағы уақытта «Наурыз», «Наурыз жұмыскер», «7-20-25», «Ұмай» және «Жасыл ипотека» сияқты бағдарламалар да іске қосылады. Сондықтан тиімді ипотекаға қол жеткізу үшін қазірден бастап оның қандай шартпен берілетінін білген маңызды.

Ипотека • 16 Наурыз, 2026

Қазақстанда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады

Қазақстанда 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика