Президент • Бүгін, 12:52

Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға түзетулер енгізеді

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға түзетулер енгізеді

Фото: Ақорда

«Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді.

Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. 

Соңғы жаңалықтар