Медицина • 30 Шілде, 2020

Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас санитарлық мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда көшеде маска тағып жүру міндеттелді

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Халық үшін қорғаныш маскаларын кию міндетті:

- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;

- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру). 

Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзылған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.

Жабық үй-жайлардан тыс (далада) халық үшін қорғаныш маскаларын кию халық арасында инфекция жұқтыру тәуекелін азайту үшін ұсынылады:

Мақсаты – адамдарды бет бөліктерін (мұрын, ауыз) ықтимал инфекция жұқтырылған қолмен кездейсоқ ұстаудан қорғау. ДДҰ деректері бойынша адам минутына орташа есеппен 3-5 рет бетін ұстайды, бұл ретте бұл процесті бақыламай, ластанған қолымен инфекция  жұқтыру тәуекелі артады.