Қазақстан • 30 Шілде, 2020

Өскеменге ұшақтар уақытша ұшпайды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты барлық рейсті Семей әуежайы уақытша қабылдайтын болады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың Instagram желісіндегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Өскеменге ұшақтар уақытша ұшпайды

"Өскемендегі бірқатар нысанның құрылысын бақылап, қайта құру барысымен таныстым. ЖМК шағын ауданында тұрғындардың тілектеріне сәйкес, аулаларды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Өкінішке орай, 10 жыл бұрын мұндағы жер жеке меншікке сатылып кеткен. Сондықтан құрылыс ретсіз жүргізілуде. Бірақ, біз оны абаттандырамыз, алдағы уақытта қаламыздағы ең жақсы аудандардың бірі болады", дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Облыс басшысының айтуынша, Өскемен әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары басталып кетті. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Жөндеу кезінде рейстерді Семей әуежайы қабылдайтын болады. 10 күн ішінде арнайы кесте жасалып, онда барлық мәселелер ескеріліп, жөндеу жұмыстары жазылады. Қазіргі таңда қажетті дайындықтар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жаңа зал салынды. Әлемдік стандартқа сай бой көтерген кешенде бірінші халықаралық чемпионат өтеді деген болжам бар.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше