Бұл туралы онлайн брифингте Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының м.а. Дархан Құрақбаев мәлім етті.
- 6 айдың ішінде облысымызда 86 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс анықталды. 54 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 25 адам сотталды. Оның ішінде 14 адам сыбайластыққа қатысты және 11 адам қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Қалған адамдарға қатысты тергеу жалғасуда, - деді Дархан Құрақбаев.