Қазақстан • 30 Шілде, 2020

5 тамызда жұмысы жанданатын нысандар қандай талаптарды сақтауы керек?

1630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

5 тамызда жұмысы жанданатын нысандар қандай талаптарды сақтауы керек?

"Негізгі мақсатымыз – жетістіктерді одан әрі жетілдірді. Бүгін мемлекетаралық комиссия карантиндік шараларды тағы 2 аптаға созуға шешім қабылдады. Үкімет әкімдіктермен бірге елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайды. Өздеріңізге белгілі, карантиндік шаралардың бірінші этабынан кейін ашу жоспарланған нысандардың тізімі жасалды. Бұл – сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, сауда желілер, азық-түлік және басқа да базарлар, балаларға арналған коррекциялық кабинеттер, білім орталықтары, дамыту орталықтары, үйірмелер, мектепке дейінгі орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық орталықтар. алдағы екі апта кәсіпкерлік субъектілері үшін ашылуға дайындық жасауға жақсы мүмкіндік", - деді Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, кеше комиссия барлық мәселе "Атамекен" палатасымен ақылдасқан. Әрбір бизнес нысаны бойынша жеке-жеке шешім қабылданады. 5 тамызға дейін Денсаулық сақтау министрлігі ашылатын нысандарға қойылатын талапты жариялайды.

"Талапқа сәйкес кәсіпкерлік субъектілер қатаң санитарлық норманы сақтауға тиіс Маска тағып, ішке санитайзер қойып, дезинфекция жасауы тиіс. Әлеуметтік арақашықтық сызықтарын қояды. Әр нысан ашылар алдында тексеріледі. Тек талап сақталғанда ғана акт беріліп, рұқсат алады", - деп мәлімдеді ол.