Әлем • 30 Шілде, 2020

Бүгін – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

1062 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Осы маңызды күнді атап өту үшін, USAID қаржыландырып Winrock International жүзеге асыратын "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы" Қазақстанда адам саудасы туралы хабардарлықты арттыру үшін әлеуметтік желілерде кампанияны іске асырады, - деп жазады Egemen.kz

Бүгін – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

Адам саудасына алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын қанау арқылы адамды сатып алу, сату немесе қанау кіреді. Бұл Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанды қоса алғанда, барлық елдерді қамтитын дүниежүзілік мәселе. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Адам саудасы туралы есебіне сәйкес, бүкіл әлемде 25 миллионнан астам адам саудасының құрбандары бар. Адам саудагерлері Интернетті жиі пайдаланады, бұл әсіресе COVID-19-ға байланысты сапарларға шектеулер кезінде асқынды. Көптеген  мигранттар карантин кезінде жұмысы мен табысынан айрылды, бұл оларды адам саудагерлерініңе алдамшы және арам ұсыныстара осал етеді.

Осы маңызды мәселе туралы хабардарлықты арттыру және мигранттарды адам саудасына тартудың алдын алу үшін «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қонжобасы» әлеуметтік желілердегі ықпалды тұлғалармен, оның ішінде Алпамыс Шаримовпен (@asharimov), Анара Батырханмен (@anarabatyrkhan), Айкерім Есенәлімен (@yessenali_aikerim), Ғазизамен (@gazizaaz), Асель Сапакова (@kaz_for_moms), Мирас Ибраимовпен (@miraaas) бірігіп бейне ролик жасау арқылы ақпараттық кампанияны өткізеді. Бейнеролик мәжбүрлі еңбек мәселесі турады және адам саудасын тану белгілері туралы баяндайды, сондай-ақ адам саудасы туралы қалай хабарлауға болатынын және көмек алу жолдары туралы нұсқау береді.

 

 

АЛМАТЫ