Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Алматы облысының "Үздік ауыл әкімі" анықталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Үздік ауыл әкімі" республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысының "Үздік ауыл әкімі" анықталды

Конкурс қорытындысына сәйкес Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кентінің әкімі Данияр Төлеуханұлы Қоңырбаев жеңімпаз атанды және конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді.

Аталған конкурс "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ұйымдастырлып отыр және қатысушылар жобалық жұмысты қорғау, халықтың бағалауы, эссе жазу, өңірлік комиссиямен әңгімелесу, пандемия кезіндегі қызметі сынды бірнеше кезеңнен тұратын бағалаудан өтті.

– Жерлесімізге конкурстың республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз! – дейді Данияр Төлеуханұлының облыс әкімдігі.