Әлем • 01 Тамыз, 2020

Ұлыбритания үкіметі COVID-19-ға қатысты шектеулерді алмайтын болды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания Премьер-министрі  Борис Джонсон COVID-19-ға қатысты шектеулердің әзірге алынбайтынын қынжыла отырып жеткізді, деп хабарлайды Reuters.

Ұлыбритания үкіметі COVID-19-ға қатысты шектеулерді алмайтын болды

"Тамыздың басында шектеулерді алып тастаймыз деп жоспарлағанымызбен жағдайға байланысты оларды қалдыруды ұйғардық. Бұл көптеген адамдар үшін ауыр соққы екенін білеміз, бірақ амандық бәрінен қымбат. Сондықтан ондай тәуекелге бара алмадық", деген Борис Джонсон.

1 тамыздан бастап көпшілік көңіл көтеретін орындар ашылады. Театрларда спектакльдер қойылып, әртістер көрерменмен қауышып, 30 адам жиналуға рұқсат беретін түрлі қабылдаулар мен үйлену тойлары өткізіліп, боулинг клубтары мен казинолар ашылады деп алақандарын ысқылап күтіп отырғандардың үміттеріне су сепкендей. Үкімет басшысының айтуынша шектеулер  екі аптадан кем болмайтындай және тамыздың 8-нен бастап тұмша тағып жүру режімі күшейтілетін көрінеді.