Аймақтар • 01 Тамыз, 2020

Қостанайда 120 дәрігерге пәтер беріледі

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында бұған дейін "Қазақстан ипотекалық кампаниясы" АҚ арқылы  дәрігерлерге 54 пәтер берілген еді. Таяу күндері тағы 120 медицина қызметкері баспана қуанышына ие болмақ. Мұның сыртында биыл облыс орталығында 700 шақты жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі. Оның жартысына жуығына ақ халаттылар орналаспақ.  Бұл туралы бүгін өңірлік жедел штаб отырысын өткізген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz

Қостанайда 120 дәрігерге пәтер беріледі

2018 жылы облыстық бюджет есебінен тұңғыш рет "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 80 резидент және 20 студентті даярлауға қаржы бөлінген. 24 резидент биыл облысқа оралады. 

Ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасқан дәрігерлердің әрқайсы биыл екінші жыл қатарынан облыс бюджетінен 1 жарым млн теңгеден көтерме жәрдемақы алып келген. Биылдан бастап қалалық мекендерге келетін дәрігерлерге де 1 млн теңгеден берілетін болады.

Жиын барысында аймақ басшысы өңірдегі эпидемиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын атап өтті. "Мемлекеттік органдар жүргізіп отырған індетке қарсы шаралар жалпыхалықтық қолдауға ие болған жағдайда ғана тиімді болмақ. Бизнес саласының да карантин талаптарын бұлжытпай орындауы маңызды", - деді облыс әкімі.  

 

 Қостанай облысы